1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері


-дәріс. Тақырыптың аталуы: Ерекше логоритмиканың принциптері



бет58/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

28-дәріс. Тақырыптың аталуы: Ерекше логоритмиканың принциптері
Дәріс жоспар:
1. Ерекше логоритмиканың принциптері
2. Логоритмикалық тәсілдер мен жаттығулар
1. Ерекше логоритмиканың принциптері.
Баланың логикалық өсуіне келесі деректерді келтіруге болады:
2,5-3 жаста бала үш-төрт тіркесті сөйлемдермен сөйлей бастайды ( бар, баражатыр, кележатырмыз, кележатқанжоқ, қуыршақ, қуыршаққа, қуыршақпен).
Н.С. Жукова айтып өткендей «бала қиын емес сөйлемдерді құрастыра бастағаннан және оларды шақтарға, шақтарға бөле бастағаннан бастап сөйлеудің дамуында қарқынды сапалы даму байқалады».
Сонымен, мектепке дейінгі кезеңнің аяғында балалар өзара және қоршаған ортамен кең тараған сөз тіркестерін қолданады, сонымен бірге қарапайым грамматикалық деңгейлерді қолданады.
Ата – аналар мен тәрбиешілер баланың сөйлеу қабілетінің дамуына негізгі интенсивтік уақыт өмірінің бірінші 3 жылы болып табылатынын білу керек. Осы периодта барлық ЦНС функциялары тәрбиелеуге, шынықтыруға жылдам табиғи дамиды. Егер бұл жаста сөйлеу қабілетіне жағдайлар жасалмаса, онда сөйлеу қабілеті бұзылады, кейде келешекте оларды орнына толығымен келтіру мүмкін емес.
3 жаста мидың анатомиялық дамуы тоқталады. Бала туған тілінің грамматикалық формаларын меңгереді, лексикалық сөз қорын жинайды.
Сондықтан, егер 2,5-3 жаста бала тек қана балама сөздер қолданса және сөйлемдердің бөліктерін қолданса: гаки (глазки), ноти (ношки), око (окно), дев (дверь), ути (руки), ди тина ( дай машину) – жылдам, тез арада логопедпен консультация алу керек, физологиялық естуін тексеру керек, мектепке дейінгі логопедиялық бөлімде немесе балабақшада коррекциялық сабақтар өткізу керек. Арнайы мектеп көмегінсіз бұл балаларды қалдыруға болмайды, өйткені сөйлеу қабілетінің негізгі уақыты өткізіліп алынған.
Бұл периодта баланың сөйлеуінің дамуы жылдам қарқынмен жүреді. Сөздік қорының сапалы дамуын айта кеткен дұрыс. Сөйлеудін барлық бөлімдерін қолданады, сөз тіркестерін дұрыс қоя отырып.
5-6 жаста баланың ойын жеткізу жан-жақты және логикалы дамыған. Олардың әнгімелерінде қиял элементтері пайда болады, олар болмаған эпизодтарды ойлап табады.
Мектепке дейінгі кезеңде балалардың сөйлеуінің фонетикалық жағы кең дамиды. Әртүрлі буынды сөздерді дұрыс айтуға тырысады. Егер бала сөзді дұрыс айтпаса ол тек қана сол сөздің жиі айтылмауынан немесе бұрын естімегендігінен болады. Бұл жағдайда балаға дұрыс айтылуын көрсетіп түзетсе бала ол сөзді келесі жолы дұрыс айтады.
Кең түрдегі фразалық тілмен, бірақ сонымен қатар кейбір тілдің лексикалық – грамматикалық және фонетикалық – фонематикалық дамуымен сипатталады. Әлде болса балалардың жеңіл қарым – қатынасы күрделенгені дұрыс, олардың қарым – қатынасы ересек адамдардың көмегін қажет етеді.
Естіп қабылдауының дамуы өзінің сөздің дұрыс айтылуын бақылауға мүмкіндік береді және де басқалардын қатесін естіп түзете біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет