1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері


ПДТ және зияты зақымдалған балаларға арналған коррекциялық ритмика



бет66/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

1. ПДТ және зияты зақымдалған балаларға арналған коррекциялық ритмика.
Психикалық дамуы тежелген, тірек-қимыл аппараты және есту қабілеті бұзылған балаларды түзете отырып жүргізілетін дамыту жұмыстарының ерекшеліктері
Бүгiнгi таңда жалпы бiлiм беретiн орта мектеп «жаңа қоғам мектебi», «болашақ мектебi», яғни, жалпы адамзаттық мәдениетке және ұлттық руханиятқа бағытталған; баланың әлеуметтенуіне және тұлға болып қалыптасуына оңтайлы жағдай жасайтын; бәсекеге қабiлеттi, елдiң ертеңi болатын жас ұрпақты өсiрiп, дамытатын мектеп болуы тиiс. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы Заңында: «бiлiм бағдарламаларын
меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» – деп, отандық бiлiм беру жүйесiнiң болашағы зор, жалпыға ортақ, келелі мiндеттерi анықталған.
Осыған байланысты қоғам оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мәселелерді оңтайлы шешуі тиіс. Себебі, әр баланы жан-жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы оны дамыту ең жауапты iс болып табылады.
Жалпы орта бiлiм беретiн мектепте үлгерiмi төмен оқушылардың шамамен елу пайызын психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар құрайды. Психикалық дамудың тежелуi зияткерлік қабiлеттің бала жасына сәйкес келмеуімен анықталады.
Психикалық дамудың негiзгi бұзылыстары, яғни зияткерлік даму деңгейiнің төмендігі баланың зейiн, есте сақтау, ойлау, кеңiстiктi бағдарлау үдерістеріндегі ауытқулармен сипатталады. Осыған орай психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Мұндай балалардың оқу әрекетіндегі мәселелер олардың жетi-сегiз жасында-ақ анық байқалады.

  • Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерімінің төмендігі бірқатар белгiлерден анық көрінеді:

  • оқу әрекетін ұйымдастыруға белсендiлiктің болмауы;

  • ересектер тарапынан көмек болмаса, берiлген тапсырмаларды дұрыс орындай алмау;

  • сыныптастарымен өзара қарым-қатынас жасауға қабілеттің жетілмеуі, өз ойын ашық айта алмау;

  • оқу мен жазу, есептеулерде көптеген қателіктер жiберу;

  • тез шаршап қалу;

  • зейiннің тұрақсыз болуы; және т.с.с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет