2. Коррекциялық ритмика негізгі мақсаты.
Коррекциялық ритмика пәні – психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесімен айналысатын педагогиканың арнайы бір саласы. Сонда, коррекциялық ритмика мінез-құлқында, психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеу және оларға психологиялық-педагогикалық тұрғыдан білім беру мен оқыту заңдылықтарын қарастырады. Ауытқушылығы бар балалар категориясына оқу бағдарламаларын жалпыға бірдей талаппен меңгеруі күрделі мәселе болатын балалар жатады. Бұған олардың ақыл-ойында (интеллектісінде), естуінде, көру қабілетінде және жүріп-тұруында биологиялық, әлеуметтік түрлі себептерге байланысты кейбір кемістіктер, бұзылулар мүмкіндік бермейді. Бұл категорияға кейбір балалардың орталық жүйке жүйесінің қызметінде шамалы ғана ауытқушылығы бар болса да, сондай-ақ, кейбірінің мектепке және әлеуметтік ортаға бейімделу мүмкіндігі төмен болса да жатады. Сондықтан, осындай категориядағы балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту барынша жекелендіруді, саралауды қажет етеді. Сонымен қатар, дер кезінде балалардың мінез-құлқындағы және дамуындағы бұзылуларды анықтайтын, алдын алатын және осы бұзылуларды түзетіп, қалыпты жағдайға жеткізетін тиімділігі жоғары арнайы педагогикалық-психологиялық әдіс-тәсілдер мен құралдарды ойластырып, түзетуші педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру керек.
Коррекциялық ритмиканың төмендегідей атқаратын міндеттері бар:
Балалар мен жасөспірімдердің дамуындағы кемшіліктерді, мінез-құлықтарындағы түрлі ауытқушылықтарды, сондай-ақ, олардың пайда болу себептері мен шарттарын анықтау;
Коррекциялық ритмиканың іс-әрекет ықпалын үздіксіз бақылауда ұстау;
Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқында, дамуында көрінетін ауытқушылықтар мен бұзылуларды түзетуге және алдын-алуға арналған бағдарламалар жасау;
Баланың психофизикалық дамуына әсер ететін әлеуметтік педагогикалық факторларды айқындау;
Ауытқуы бар балаларды оқытып, тәрбиелейтін педагогтарға арнайы коррекциялық- педагогикалық жұмыс бойынша оқыту әдістемесін құру;
Балалардың психикалық, психосоматикалық, психологиялық жағдайларына жүйелі бақылау жүргізіп отыру;
Достарыңызбен бөлісу: |