1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері


Фонетикалық, есту қабілеті бұзылған балалар үшін коррекциялық ритмика жаттығулары



бет69/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

2. Фонетикалық, есту қабілеті бұзылған балалар үшін коррекциялық ритмика жаттығулары.
Есту қабілеті нашар балалардың дұрыс сөйлеу тілін қалыптастыру жұмысы жүйелі түрде сипатталады және есту қабілетінің бұзылуы анықталған кезде бірден бастау керек.
Түзету жұмысының маңызын және жүйелілігін айқындай отырып мынандай негізге сүйену қажет:
а) баланың сөйлеу тілінің бірқалыпты дамуының заңдылығына;
б) сөйлеу дағыдысының бар қорына /мөлшеріне/;
Есту қабілетінің жеңіл дәрежесінде сабақ кезінде қатты сөйлеген жеткілікті. Бұл баланың нашарлығын есту қабілетінің нашарлығын белселендіруге жәрдем береді.
Есту қабілетінің ауыр дәрежесінде бұзылмаған дені сау анализаторларын, соның ішінде көру анализаторын пайдалану қажет. Баланы айналасындағылардың сөйлеу тілдерін еш қиындықсыз толық түсінуге жәрдем беретін ерін қимылдары арқылы үйретеді. Бұл келешекте сөйлеу тілін еліктеу негізінде дамуына мүмкіндік туғызады.
Нашар еститін балалармен түзету-тәрбие жұмысы сөйлеу тілін түсінуін дамыту, сөйлеу тілінің грамматикалық құрлысы, сонымен бірге дыбыстардың айтылуын қалыптастыру, лексикалық қорын анықтау және кеңейту бағытында жүргізеді. Осы жұмыспен бір мезгілде оқуға және жазуға үйрету де жүргізіледі.
Оқыту жұмыстарының барлық түрлерінде балалардың сақталған есту қабілетін міндетті түрде пайдаланады, өйткені бұл естуді арнайы аппараттың жәрдемімен күшейтуге болады.
Түзету оқу жұмысы 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалармен арнайы бақшаларда жүргізіледі. 7 жастан бастап олар оқуын нашар еститін балаларға арналған мектепте жалғастырады.
Әдебиеттер:
1. Қ.С. Тебенова; А.Р. Рымханова «Арнайы психология» Алматы 2011ж
2. Грищенко Л. Л. «Устранение дефектов речи», «Семья и детский сад» №1 2005 г.
3. Зайцева Г. Л. «Дактилология. Жестовая речь» М., 1991 г.
4. Малдыбаева А.О., Орынбаева Э.Ә. «Дефектология негіздері» Шымкент 2007 ж.
5. Намазбаева Ж. «Дефектологтың кеңесі» А., 1980 ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет