2.Көру қабілеті бұзылған, балалар үшін коррекциялық ритмика жаттығулары.
Тақырыбы: «А» әріпін тап
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың білімін бекіту.
Шарты:алдарындағы карточкадан «А» әріпі бар суретті қоршау керек.
Тақырыбы: «Суретте қандай ертегі бейнеленген?»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларға сурет бойынша ертегінің атын атап,өз сөзімен әңгімелеп беруге үйрету.
Шарты:балаларға түрлі суреттерді таратып,сұрақ жауап арқылы ертегінің атын атап,мазмұнын айту.
Тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды ажыратуға үйрету,тактильді көруін түзету.
Шарты:алдарындағы карточкадағы жемістер мен көкөністерді екі себетке бөлу қажет.
Тақырыбы: «Нан қайдан шығады?»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балалардың «нанның» қадірін түсінуге,қастерлеуге тәрбиелеу.
Шарты:алдарындағы карточкадағы суреттерді дұрыс кезекпен орналастыру керек.
Тақырыбы: «Күн тәртібінің ретін көрсет»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларға күн тәртібінің ретін түсіндіру,сақтау қажет екенін ұғындыру.
Шарты:алдарындағы карточкадағы суреттерді таңнан кешке дейін ретпен орналастыру қажет.
Тақырыбы: «Достық көмек»
Мақсаты:көру қабілеті бұзылған балаларды достыққа,татулыққа тәрбиелеу.
Шарты:алдарындағы карточкадағы суреттерді қарап,әңгіме құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |