1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері



бет74/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

Әдебиеттер:
Е.А. Алябьева. Коррекционно-развивающие занятия для детей старшего и дошкольного возраста.
35-дәріс. Тақырыптың аталуы: Музыкалық түрлі іс-әрекеттердің көмегімен оқушының сезімін ояту
Дәріс жоспар:
1. Музыкалық түрлі іс-әрекеттердің көмегімен оқушының сезімін ояту, музыканың жұмбақ сырын сезім арқылы саналы түсінуге дағдыландыру, музыкалық тапсырмаларды орындау қабілетін қалыптастыру
1.1 Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары Оқу-тәрбие жұмысында ұлттық мектептің негізгі ерекшеліктері оқушыларды өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген табыстарына ұмтылуға тәрбиелеу, ұрпақты ата-баба салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен қайтадан табыстыру. Музыка өнері әрбір оқушының әсемдік әлеміне үйірсек болып қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге жағдай жасайды. Сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның объективті қажеттілігі және заңдылығы болуы керек. Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше. Музыка тәрбиесі жастарды өнер құндылықтарын жасауға қатыстыра отырып, олардың бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Тәрбиедегі басты мақсат: қоғам мүшелерін әлеуметтендіру болатын, яғни өнер адамның тек қана рухани өмірінің құрамдас бөлігі болып қоймай, әлеуметтендірудің аса пәрменді құралы болып табылады. Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату – басты міндет. Ұлттық өнерге оқушыларды жастайынан баулу олардың адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дұрыс қалыптасуына, мәдени дәстүрге деген сыйластық сезімін дамытуға әсерін тигізіп, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттырады. Оқушылардың әсемдікті түсіне білу қабілеттерін арттырады. Ұлы Абай өмір шындығын дәл бейнелеу жөнінде поэзия мен музыканың рөлін былайша суреттеді: әсемдік сыры, биік мұратталғандары, көркем шарттары, шығармадағы дарындылық пен шеберлік ән мен күйді орындаудағы дәстурлер, т. б. мәселелерді көтере келіп, эстетикалық сезімдердің дамытудың нақты жолдарын қарастырды. Абайдың түсінігінше, баланы жастайынан көркемдікке баулуды үлкендер неғұрлым ертерек ойластыруы қажет, өйткені бесіктегі нәрестенің өзі ананың әлдиі, құлағына жеткен ән-күйдің әуезді үні арқылы сұлулық пен көркемдіктен хабардар болып жатады. Осы орайда бесік жыры оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың алғашқы сатысы болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қиял-қабілеттерінің эстетикалық сезімін, талғамы мен көзқарасының мәдениетін, ой-өрісін кеңейтіп, айнала-қоғам және өзін қоршаған орта өміріндегі әсемдік пен сұлулықты сезініп, бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде музыка жанрлары орасан зор рол атқарады. Қазіргі заман талаптарына сай жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда балалар фольклоры жанрын пайдалану басты мәселелердің бірі. Оны қалыптастыру — өте күрделі де ұзақ үрдіс, яғни оқушылардың бойына бірден қалыптаса қоймайды деген сөз. Сондықтан да ол сәбидің дүние есігін алғаш күндерінен басталуы тиіс. Осы тұрғыда балалардың эстетикалық мәдениетін дамытуда қазақ фольклор жанрын пайдаланудың маңызы зор, солардың бірі – балаларға арналған әндер, бесік жырлары. Ұлы Абай: Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең, Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен, Ойлансаңшы, бос қақпай елең-селең, – деп, адам өміріндегі өлеңнің алар орнын терең топшылаған. Академик М.Әуезов адамзат мәдениетінің алтын қорына дүние жүзі халықтарының қосқан үлесін сөз ете келе: «Гректер атақты храмдардың, египеттіктер пирамидалардың, қытайлықтар фарфор бұйымдары мен мәрмәрдан жасалған адам мүсіндерінің, итальяндықтар әсем әуенді музыка шығармаларының, француздар сурет өнерін үлгі етсе, көшпелі қазақ елі аса-бай өлең-жыр мұрасын қалдырды…» деп жазса, Швейцарияның кемеігер педагогы И.Г.Песталоцци: «Бала тәрбиесі – оның дүниеге келген күннен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі жанұядан басталып, мектепте одан ары қарай жалғастырылуы шарт»,- деген қағиданы ұсынды. «… Қазақ баласының шыр етіп жерге түскенінен ер жеткенге дейінгі бар ғұмыры өлеңге толы, оның алғашқы еститіні ана әлдиімен айтылатын бесік жырының әуені»,- деп өзінің «Қазақ халық әдебиеті» атты еңбегінде Х.Досмұхамбетов балаларға арналған ән-жырдың бала өміріндегі тәрбиелік ықпалының зор екендігі туралы атап көрсетеді. Қазақ балалар әндерінің қай-қайсысын алмасақ та өнегелі өсиет пен ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез-құлыққа, салихалы ақылдыққа насихаттап отырады. Адам баласы тарихында ауыз әдебиетінің алтын ұрығы – жыр-өлеңнің бірінші бастамасы – «Бесік жыры» десек, бұнда қазақ қауымының балаға деген ең ізгі сүйіспеншілігі, тілегі, халықтың шешендігі мен арманы бейнеленген. Өз елінің дінін, рухани мәдениетін білген адам, біртіндеп әлемдік мәдениетті үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет