1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері



бет75/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

Әдебиеттер:
https://erketai.kz/bastauish-sinip/muzikalik-tarbie-adisteri-jane-negizgi-bagittari/


36-дәріс. Тақырыптың аталуы: Арт-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы
Дәріс жоспар:
1. Арт-терапия туралы ұғым беру, маңыздылығын ашу
2. Арт-терапияның түрлерімен таныстыру, тиімділерін тәжірибеде пайдалану
1. Арт-терапия туралы ұғым беру, маңыздылығын ашу.
Арт-терапия – бұл өнерге, ең алдымен бейнелеу және шығармашылық іс-әрекетке негізделген психотерапияның мамандандырылған түрі. Арт-терапия (ағылшын тілінен art – өнер, therapy – терапия, емдеу, күтім жасау, қамқорлық) – өнер мен шығармашылыққа негізделген психотерапия және психологиялық түзету түрі. Тар мағынадағы арт-терапия – пациенттің психоэмоционалды күйіне ықпал ету мақсатында бейнелеу шығармашылығына негізделген терапия.
«Арт-терапия» ұғымын 1938 жылы суретші Адриан Хилл санаторийдегі туберкулезбен ауыратын аурулармен жұмыстарын суреттеу кезінде енгізген. Бұл әдіс АҚШ екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік лагерьлерден әкелінген балалармен жұмыс жасауда қолданылған. Арт-терапия өзінің даму кезеңдерінде З.Фрейд, К.Г.Юнгтың психоаналитикалық көзқарастарын бейнеледі, психоаналитикада клиенттің көркемдік іс-әрекеті (сурет, мүсін, инсталляция) оның ұғынылмайтын психикалық процестерін бейнелейді. 1960 жылы Америкада Америкалық арт-терапиялық ассоциация құрылды [1].
Арт-терапия – бұл өнермен емдеу немесе өзін шығармашылық арқылы көрсетумен емдеу бағыттарының бірі. Арт-терапия – әртүрлі психикалық, физикалық аурулармен ауыратын адамдарға, тәуекелдік топтар өкілдеріне көмек көрсету, сондай-ақ ауырмайтын адамдарға тұлғалық өсу, потенциалын арттыру мақсатында бейнелеу құралдарын қолданады. Арт-терапия әдістері мазасыздықпен, агрессивтілікпен, қорқыныштармен және т.б. жағымсыз күйлермен күресуге көмектеседі.
Арт-терапияда шығармашылық үрдіс басты терапиялық механизм болып табылады, ол айрықша символикалық түрде шиеленіскен жарақаттаушы жағдаяттардан шығуға, оның шешімін табуға мүмкіндік береді. Сурет, ертегі, ойындар арқылы арт-терапия ішкі шиеленістерден және күшті эмоциялардан шығуға, өз сезімдері мен толғаныстарын ұғынуға көмектеседі, өзіндік бағалаудың артуына, босаңсуға, еркінсуге және күштенулерді, қысымды түсіруге мүмкіндік жасайды, шығармашылық қабілеттердің дамуына да игі ықпалын тигізеді. Арт-терапиялық әдістер қорқыныш мәселесімен жұмыс жасауда тиімді. Қорқыныш суретін салғызу тапсырмасының өзі балаларды өз қорқыныштарымен жұмыс жасауға жұмылдырады. Әрине, қорқынышты суреттеу оңайға соқпайды. Балаға бұл тапсырманы орындау үшін бірнеше күндер қажет етіледі. Осылайша, ішкі психологиялық кедергі – қорқыныштың қорқынышы жеңіледі. Сурет салуға бел байлау – өз қорқынышымен тікелей қақтығысу, онымен бетпе бет жүздесу және оның бейнесін суретке салып бітпегенше мақсатты түрде ерік күшін жұмсап, есте ұстап тұру – жарақаттаушы нәрселердің өздігінен азаюына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет