Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Арттерапия дегеніміз не?
2. Арттерапия ұғымын енгізген?
3. Арттерапияның түрлері?
Әдебиеттер:
Дженнингс С., Минде А. Сны, маски и образы. Практикум по арт-терапии. – СПб., 2002. – 384 с.
37-дәріс. Тақырыптың аталуы: Арт-терапияның түрлеріне арналған ойындармен танысу
Дәріс жоспар:
1. Арт-терапияның түрлеріне арналған ойындармен танысу
2. Арттерапиядағы би терапиясының маңызы
1. Арт-терапияның түрлеріне арналған ойындармен танысу.
Арт-терапиялық ойындар: «Серуендеу»
Мысалы, дәптер бетіндегі "серуендеу" қатысушыларға өздерін жалғыз әріппен белгілеп, парақтың аумағы мен шекарасынан шығып кетпей, белгіленген территорияда "серуендеу" ұсынылады. Арт-терапевттің белгісімен барлық қатысушылар тоқтап қалады. Осыдан кейін кім парақтың қай жерінде орналасқаны талқыланады. Кейбіреулер кеңістікті жақсы сезбейді және олардың "әрпі" қай жерде - парақтың басында ма, әлде соңында немесе шетінде орналасып тұр деген сұраққа жауап берген кезде қателеседі. Мұндай құбылыс дисграфиямен ауыратын балаларға тән. Жаттығуларды қайталаған кезде қатысушыларға, яғни "әріптерге" сөзге, есімге бірігуді ұсынуға болады. Сонымен қатар, оларға сапқа тұруды, дөңгелек, төртбұрыш, т.б. фигураларды жасауды ұсынуға болады. Осы арқылы арт-терапиялық кеңістік дұрыс игеріліп, кеңістікте қиялдау жетіледі. "Серуендеу" ерік болуы мүмкін. Жаттығудың мақсаты - бөлменің белгілі-бір аумағындағы түрлі қимылдар (бірқалыпты және кенет, ақырын және тез) кезінде өзіне көңіл аударып, өз денесін сезіну. Ақырындап жаттығу күрделене береді. Мысалы, серуендеп жүріп қатысушылар вербалды емес тәсілдерді (жест, мимика, күлімдеу) қолдана отырып кездесуді имитациялау. Келесі тапсырмада әр кездесу ден кейін қозғалыстың бағытын шұғыл өзгерту керек. Мысалы, арттерапевттің нұсқауымен 90 немесе 180 градусқа бұрылу, отырып тұру, секіру, т.б. Осылайша дайындаушы жаттығулардың барлығы сезімдерге, эмоциялық күйге назарды шоғырландыруды жүзеге асырады. Джейн Райнның сөзі бойынша бұл әрбір қатысушыға өзін айқындаудың бағытын өзі анықтауға мүмкіндік береді. Бастапқы кезде жетекші сурет салу немесе басқа да шығармашылық іс-әрекетпен айналысу арқылы қатысушылардың өзін айқындаудың еркіндігіне қол жеткізуге көмектесуі керек. Автордың көрсетуі бойынша тапсырмалар қорқынышты тудырмауға, сананың бақылауын әлсіретуге және қатысушыларға өздерінің ішкі күйін көрсетуге көмектеседі. Көніл күйді, өз қиялынан бір нәрсені немесе махаббат, жек көру, сұлулық, еркіндік туралы өздерінің түсініктерін бейнелеуді сұрауға болады. Тапсырманы орындап болған соң қатысушыларға өздерінің қайғыруларын айтып беру ұсынылады, қиялдағы ойларды бейнелеу кезінде басып отырылған эмоциялар көрініс табуы мүмкін. Осындай жағдайда топ болып жұмыс істеуге болады.
"Көңіл-күй бейнесі мен пластикасы"
Пластилинмен және түсті қамырмен жасалатын жұмыс.Қамыр кішкентай балалар үшін қолайлы әрі қауіпсіз материал болып табылады. Осы жаттығуды агрессивті эмоциялар, деструктивті мінез-құлық, қорқыныш терапиясында қолданған пайдалы. Бастапқы кезде белгілі бір түсі бар қамыр немесе пластилиннен келісті форма жасау ұсынылады. Кейін көңіл-күй түсіне сәйкес қатысушылар топқа бірігеді. Әркім өз оқиғасын айтып береді. Кейін индивидуалды жұмыстардан бір түсті ұжымдық композиция жасалады (Тақырыптар: «Менің әлемім», «Менің жан дүнием», «Пластилиннен жасалған кала», «Пластилинді жұмақ», т.б.). қатысушылар өнімінің тақырыбы мен сюжетін, атын өздері ойлап тапса дұрыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |