1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері


Музыка және түзету ритмика сабақтарында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану



бет73/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

1. Музыка және түзету ритмика сабақтарында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану.
Түзету ритмика сабақтарында музыка арқылы балалардың қозғалыс кемшіліктерін түзетуге, кеңістікте бағдарлай білуге, олардың бойында қимыл икемділігі мен музыкалық сезім ырғағын қалыптастыруға мүмкіндік туғызамыз.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін шешуде түрлі театралдық іс-әрекеттер, ертегі хикаялар, арнайы этюдтар, би жаттығулар, музыкалық ойындар ойнау, ой қозғау, нота сауатын үйрету, музыканың ырғағына сай үйлесімді қимылдар жасау, балалардың музыка жанрын ажырата білуге, шығармашылық тәртібінің жаңа үлгілерін меңгеруге және оларды табиғи өмірлік жағдайларын өзгертуіне себеп болады.
Арнайы мектептегі түзету римика сабағы арқылы оқушыларды тәрбиелеуде мұғалімнің алдына музыкалық түрлі іс-әрекеттердің көмегімен оқушының сезімін ояту, музыканың жұмбақ сырын сезім арқылы саналы түсінуге дағдыландыру, музыкалық тапсырмаларды орындау қабілетін қалыптастыру міндеттері тұрады.
Аталған міндеттерді шешуде әрбір баланың психологиясын, психикалық процестерін (қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау, сезу, түйсік, сөйлеу, қабілет) жасқа сай дамуы мен қалыптасу ерекшеліктерін анық білу қажет. Көру қабілеті төмен бала психикасының дамуына қажетті жағдай туғыза отырып, баланың эмоциялық-танымдық қабілеттерін дамыту мен қалыптастыруда жоғары да атап өткен психикалық процестерден басқа, музыкалық - ырғақтық сезіну қабілетінің мүмкіндіктерін, ортада қол-қимыл қозғалысындағы үйлесімділікті, дәлдікті, дене мен қолдың қозғалысқа түсуіндегі анықтықты қалыптастыру ұйымдастырылып отырады.
Балаларға сабақ сапалы да әсерлі болу үшін алуан түрлі тақырыптар алынып, тақырыпқа сай әдіс-тәсілдер қолданылып, өзгертіліп отырады.
Мысалы мынандай тақырыптар: «Күзгі әуендер», «Көктем келбеті», «Ертегілер әлемі», «Ою-өрнек сыры», «Астанаға саяхат» т.б. Осы тақырыптар арқылы табиғаттың сұлу көрінісін, әсем әуенін, құбылысын балалар ортада сазды әуен ырғағымен қимыл-қозғалыстарын мәнерлі көрсетіп, табиғат туралы өлең-сөздің мағынасын ашып, музыкалық-дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы ритмикалық суреттемені, қағыс жаттығуларды орындап, айналаға деген сүйіспеншіліктерін, көңіл-күйлерін сабақ үрдісінде игеріп, көрсетіп жатады.
2. Түзету ритмика сабақтарында музыка арқылы балалардың қозғалыс кемшіліктерін түзету, кеңістікте бағдарлай білу, олардың бойында қимыл икемділігі мен музыкалық сезім ырғағын қалыптастыру.
Музыкалық іс-әрекеттер барысында:
- психикалық процестер дамиды: есту, есте сақтау қабілеті, зейіні, қабылдауы, елестету қабілеті, ойлау операциялары ынталанады;
- көру, есту анализаторлары тілдік-қимылдық кинестетикалық қимылдары дамиды;
- сөздік қоры, тілдің сауаттылығы, дыбысты дұрыс айтуы, сөйлеу дағдылары, тілдің әуендік-интонациялық жағы, тілдің мәнерлілігі белсене түседі және артады;
- ұсақ маторикасы, координациясы, қимылдардың ауысуы, мақсаттылығы артады;
- эмоционалдық-еркіндік саласы дамиды;
- ұжымдық сезімі, бір-бірі үшін жауапкершілік сезімі, адамгершілік қасиеттері, тәжірибесі қалыптасады;
- шығармашылық және ізденіс белсенділігі артады;
- қарым-қатынас іс-әрекеті эмоционалдық және әлеуметтік бейімділігі дамиды;
Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі болып қана қоймай, жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіреді, әрі жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, біліктілігі мен ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке, тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушыларды халықтық музыкаға баулиды. Музыкалық материалдарды игеру үстінде оқушыларға үйлесімділік жөніндегі түсінікті, эстетикалық қабылдауды қалыптастыратын нақты педогогикалық тәсілдер қажет. Мектебімізде оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу ісі жақсы қолға алынған. Музыка, хореография және бейнелеу өнері бойынша үйірмелер жұмысы істеп, шәкірттеріміздің ойын ұштап, қиялын қанаттандырып, сезімталдық қабілетін, байқмапаздығын арттырып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет