1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері


Кеңістікте бағдарлай алуға бағытталған жаттығулар



бет19/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

1. Кеңістікте бағдарлай алуға бағытталған жаттығулар.
Кеңістікте бағдарлау тікелей кеңістік қабылдау негізінде және де кеңістік категорияларын (орны, қалпы, қашықтық, нәрселер арасындағы кеңістік) сөздермен өрнектеп айту арқылы жүзеге асады.
Кеңістікте бағдарлау ұғымына қашықтықтарды, өлшемдерді, форманы нәрселерлің өзара орналасуын және олардың бағдарланушы денеге қарағандағы орнын бағалау енеді.
Көмекші мектептегі 1 – сыныптағы базалық білім мазмұны:
Кеңістікте бағдарлауға арналған жаттығулар: дұрыс бастапқы қалып. Жүру және жүгіру: тізені қатты жоғары көтеру, тік аяқты алдыға сілтеу және аяқтың ұшын тарту арқылы. Қатарланып тұру қалпынан шеңберленіп тұру қалпына өту. Қимылдардың бағыттылығына бейімделу- алдыға, артқа, оңға, солға, шеңберге, шеңберден. Жәй заттарды қолданып жүру кезінде жәй қимылдарды орындау.
Көмекші мектептегі 2 - сыныптағы базалық білім мазмұны:
Кеңістікте бағдарлауға арналған жаттығулар:
1) жүру мен жүгіру дағдыларын жетілдіру. Бөлме бұрыштарында нақты бұрылуды орындаумен қабырғаның бойымен жүру;
2) қатарға тұру, сапқа тұру, тізбектеп тұру, шеңбер жасап тұру, қосарланып тұру. Сапқа екіден тұру, қосарланған қатардан бірден құралған сапқа тұру. Қатардан және шашыранқы қалыптан сапқа тұру;
3) жүру және жүгіру кезінде заттармен жәй қимылдарды орындау: оларды айналып жүгіру, теру, бір-біріне беру, бір орыннан екінші орынға ауыстырып қою.
Көмекші мектептегі 3 - сыныптағы базалық білім мазмұны:
Кеңістікте бағдарлануына арналған жаттығулар:
1) метрлік тамырдың соғуына сәйкес жүру; арқаны тік ұстаған қалыпта, отырып тұру, тізені бүгу, аяқтың ұшымен жүру, аяқтың өкшесімен кең және қысқа адымдаумен кезектестіріп ауыстырып отырыпжүруді орындау;
2) қатарға үштен тұру. Бір топ балаларының бір қадам алдыға шығуы, басқасы бір қадам артқа шығуы бойынша, бір шеңберден екеу құрау, үш жеке кішкентай шеңбер және шоғырласқан шеңберлер құру. Ортақ шеңберден екі немесе үш қадам шығып шеңбер жасау және қайтып ортақ шеңберге оралу;
3) алдыңғы сыныптарға қарағанда күрделірек заттармен қимылдарды орындау.
Көмекші мектептегі 4 - сыныптағы базалық білім мазмұны:
Кеңістікте бағдарлануына арналған жаттығулар:
1) қатардан шахматты тәртіпке ауысу. Бірнеше қатардан бірнеше шеңбер құрып тұру, құрған шеңберді кішірейту және кеңейту.Жәй және шоғырласқан шеңбер құрудан «жұлдызша», «әткеншек» құру;
2) бөлме ортасымен жүру, бір бұрыштан екінші бұрышқа диагональды сызықты белгілей алуды үйрету. Сапта тұрудың барлық түрлерінде, бау, шеңбер, секірмекті қолдану арқылы, дұрыс ара-қашықтықты сақтау;
3) алдынғы сыныптарға қарағанда, анағұрлым күрделірек заттармен орындалатын жаттығулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет