1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері



бет16/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Түзету ритмика сабақтарының,әрекеттерінің негізгі бағыттарын атап өтіңіз?
2. Айтып өткен бағыттар қандай түрде ұсынылуы мүмкін?
3. Интеллектісі төмен балаларға көмектің қандай түрлері жүргізіледі?
4. Түзету ритмика жұмысының бағыты?
Әдебиеттер:
1.https://ziatker.kz/docx/tuzety_areketterining_negizgi_bagyttary_13964.html

7-дәріс. Тақырыптың аталуы: Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика
Дәріс жоспар:
1. Түзету ырғағының мақсаты
2. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика бойынша бағдарлама
1. Түзету ырғағының мақсаты.
Түзету ырғағының мақсаты: таным процестерін , есте сақтауды дамыту, зейін мен ойлауды дамытып, балаларда жағымды эмоция қалыптастыру, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру;
1-жаттығу . «Бетперделер». Cмайликтер
Мақсаты: топта достық қарым-қатынас орнату,жағымды эмоционалды жағдай туғызу
Әрбір сабақты көңіл-күйді анықтаудан бастаймыз.Ол үшін сендерге түрлі бетперде дайындадым. Мұнда : түрлі бетперделерді оқушылар өздері таңдап, неге таңдағанын айтады.
2-жаттығу «Мейірімді есім»
Мақсаты-эмпатияны дамыту, жағымды эмоционалды фон қалыптастыру.
Әр бала оң жағында тұрған көршісін мейірімді түрде атайды.Ал көршісі алғыс айтып,сосын жаттығу кері сол жақ көршіге орындалады.
3-жаттығу. «Атомдар мен молекулалар»
Мақсаты: қысымды түсіру, топты біріктіру.Сонымен қатар. Осы жаттығу арқылы балалардың өзара қарым-қатынасын анықтауға болады.
Оқушылар бөлмеде еркін жүреді.Психолог: «Сендер әрқайсысың атомсыңдар, енді жалғыз жүріп іштерің пысып кетті, енді екі-екіден, сосын үш-үштен бірігесіңдер. (Оқушылар санына қарай ойын жалғастырылады.)
4-жаттығу «Бұл мен, мені таны»
Мақсаты: эмоционалды қысымды, агрессияны түсіру, эмпатияны, тактилді қабылдауды дамыту, топқа жағымды эмоционалды жағдай жасау.
Топтан бір оқушы шығып арқасымен тұрады. Оқушылар кезекпен барып,. «Бұл мен» деп айтады. Ойыншы оқушының кім екенін табу керек.Оқушылар ортаға барлығы кезекпен шығып орындайды.
5-жаттығу «Көңіл-күйімізді жаттықтыру»
Мақсаты: оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жаттықтыру
Қазір біз 2 жұптан шығып берілген тапсырмадағы сөйлемді оқып,асты сызылған сөзді көңіл-күйімізбен көрсетеміз:
Аю байқамай кірпіні басып кетіп, аяғына тікен кіріп кеткен. Кірпі өзін кінәлі сезінеді, ал аю қатты ашуланып тұр.
Күшік ата-анасынсыз қыдырып, еркін жүргеніне қуануда, ал ата-анасы қатты алаңдаулы.
Мысықтың баласы тамақты бірінші рет ішіп тұр, ол оған ұнамай, жүрегі айныды, ал тотықұс оған мүлдем тамақ бермегендіктен ренжіп отыр.
4.Екі кірпі орманда келе жатып, біреудің түсіп қалған сағатын көрді.
Алдымен олар тықылдан қорқып кетіп, кейін қызығып, жақындап барып қарағысы келеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет