Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Арттерапиялық ойындар
2. Би терапиясының макызы қандай?
Әдебиеттер:
1.Рудестам К. Групповая психотерапия. — СПб.: Питер, 2000. – 384 с.
2. Диагностика в арт-терапии. Метод «Мандала». ред. А.И. Копытина. – СПб., «Речь», 2005. – 141 с.
3.Киселева М.В. Арт-терапия в работе с детьми. – СПб.: «Речь», 2007. – 160
38-дәріс. Тақырыптың аталуы: Арттерапиядағы ән терапиясының маңызы
Музыкалық терапия – ақыл-ой мен эмоциялық әрекетке байланысты ауруларды ғасырлар бойы анықталған емдеудің түрі. Музыканың емдік күші ежелгі түріктерге, египеттіктерге, үндістерге, қытайларға, парсы, гректерге мәлім болған. Әуен арқылы адам психикасына оң әсер етуді музыкалық терапия деп те атайды. Музыкалық терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда «музыкамен, әуезбен емдеу» деген мағынаны білдіреді. Музыкалық терапия жүздеген жылдар бойы өнер адамдар үшін әуезден, әуеннен ләззат алу көзі болды, ал өнердің көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болып табылады.
Музыка адамның денсаулығына, санасына, тәртібіне ықпал етеді. Музыкалық дыбыстар адамның ағзалары мен жасушаларына да үлкен әсер етеді. Музыкалық дыбыстар адам ағзасына, жасушаларына үлкен әсер тигізіп, түрлі дыбыстардан адам ағзасында үлкен энергетикалық алаң пайда болады. Яғни, олар айналадағы кеңістіктегі қозғалыстарды тудырады. Ал біз сол энергияны қабылдаймыз және біздің ағзамызға әсер етеді [1]. Музыка біздің өмірімізге қатты әсер ететіні мәлім. Сондықтан, музыка барлық ғасырларда да ерлер мен әйелдерге, діннің түрлі бағытын ұстанушы адамдар мен ұлттардың, түрлі ұлт өкілдеріне түсінікті тіл болып есептелінеді. Музыка адамның интеллектуалдық деңгейіне, табысына, әлеуметтік жағдайына қарамастан кімге болса да, қатысы бар.
Музыка терапиясы адамның жүйке жүйесінің шаршауы мен қажуын, көңіл-күйін ретке келтіру мақсатында қолданатын психотерапиясының бір әдісі. Балаға музыка арқылы жағымды әсер етудің өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Бұл әдісті белгілі бір жүйемен қолдана білу аса маңызды. Ол үшін баланың жас ерекшелігі, дәл сол сәттегі жағдайы, психикалық өзгерістері, оның себептері туралы мәліметпен таныс болу шарт, әйтпесе, кез келген жағдайда музыка терапиясын қолдану өз нәтижесін бере бермейді.
Музыка арқылы балаға психологиялық әсер етуде әуенді үш түрлі сипатта қолдану керек:
тыныштандыратын әуендер;
жігерлілік тудыратын әуендер;
босаңсытуға арналған әуендер.
Психологтардың айтуы бойынша, музыканың керемет күші баланың физикалық және психикалық дамуын нығайтуда, әрі жақсы нәтижелерге жеткізуде өзіндік мәні бар. Ал түрлі музыкалық терапияның әдістерін ойынмен байланыстыра отырып және психотерапевтік техникаларды қолданса әсерлері жоғарылайды .
Музыкалық терапияны қолданудың төмендегідей әсері бар:
Психологиялық қорғаныстан өтуге мүмкіндік береді – тыныштандыру немесе жандандыру, қызықтыру немесе көңіл соқтыру.
Адамдардың шығармашылық және қарымқатынас мүмкіндіктерін дамытуға көмектесу.
Өзін-өзі кемелдендіру негізінде өзін бағалауды жоғарылатады.
Сезімдерді әсерлетіп шығаруға септігін тигізеді.
Эмпатикалық мүмкіндіктерді дамытады.
Адам арасындағы қарым-қатынастардың орнап, дамуына, психология және басқа адамдармен қарым-қатынастарды нығайтуға жәрдемдеседі.
Әлеуметтік белсенділігін жоғарылатады.
Жаңа қарым-қатынасты құрып орнатуды жеңілдетеді.
Агрессиялық мінез-құлықтан арылуға көмектеседі.
Адамды білімділікке жетелейді, интеллектуалдық тәрбие береді.
Зерттеушілердің айтуынша, музыка тыңдаудың бірнеше қызметі бар. Шындығында, музыка жаңаша білім береді, қажетті көңіл-күйге бөлейді, шығармашылық ісіне шабыт береді, сабасына түсіреді және ісіне шабыт береді, күрестерге рух береді, сабасына түсіреді және жұбатады, көңілін аулайды және тәрбиелейді. Музыка музыканттар мен музыка тыңдаушылар арасында түрлі қатынас орнатып, алуан сезімдерді шығарады.
Сондай-ақ музыкалық терапияның элементтерін дамытушы-түзетуші трениенгтер кешенімен бірге байланыстыра отырып, оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде ұйымдастырып қолданып отырса жеке тұлғаның интеллектісін дамытуда үлкен жетістікке жетуге болады. Өйткені музыкатерапияның жоғарыда көрсетілген қызметтерінен бөлек, төмендегідей қызметтерді де атқарады.
психодиагностикалық;
психопрофилактикалық;
психокоррекциялық.
Достарыңызбен бөлісу: |