2. Ритмикалық би арқылы еркіндік, шығармашылық пен психологиялық жағымды эмоциясын арттыру. РИТМИКАЛЫҚ САБАҚТАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР:
Түзеу және сауықтыру
Тірек-қимыл аппаратындағы нормадан ауытқуларды жою және түзету үшін бөлек жаттығулар, гимнастика, би эскиздері қолданылады. Жалпақ табанның алдын-алу арқылы аяқтың бұлшықет-байламды аппаратының серіппелі қызметі күшейеді. Тарылту және созылу жаттығулары, жату және отыру кезінде аяқтың айналуы, жартылай саусақтармен, өкшелермен, аяқтардың сыртқы және ішкі шеттерімен кезек-кезек жүру жазық табанның алдын алуға және аяқтың бұлшық еттерін нығайтуға көмектеседі. Би сабақтары кезінде - бас пен бүкіл денені айналдыру, вестибулярлық аппаратты дамыту және жаттықтыру қозғалыстары жүреді.
Би терапиясы топта кем дегенде бес міндетті шеше алады. Біріншісінде,топ мүшелері өз денелерін танып,оны пайдалану мүмкіндіктерін терең сезінеді. Адамның физикалық және эмоциялық жағдайы жақсарады.Бірінші сабақтың басында би терапиясының тобында басқарушы қатысушыларды бақылайды. Мықты жақтарын бағалайды,осыдан кейін түзету керек және қандай әрекеттер қажет екенін анықтайды.
Би терапиясының екінші міндеті,дененің жағымды бейнесін жасай отырып,топ мүшелерінің өздерінің адамгершілік сезімдерін күшейту.
Үшіншіден би терапиясы әлеуметтік дағдыларды дамыту үшін қолданылады.
Би терапиясының төртінші міндеті –топ мүшелерінің сезімдері мен қимылдарының арасында байланыс орната отырып,өздерінің сезімдерімен байланысқа түсулеріне көмек беру. Би терапиясының бесінші міндеті «логикалық дөңгелек» тудыру ретінде бейнеленеді. Би терапиясының топтарындағы сабақтар қатысушылардың бірлескен жұмыстарын жобалайды. Бұлардың барлығы толығымен қатысушылармен топтық тәжірибелерінің жетілуіне мүмкіндік жасайды. Барлық компоненттер жабық,тұрақты комплекс – «логикалық дөңгелекті құрайды
Әдебиеттер: 1. Рысбекова Р.М. – Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру. – Алматы, 2007. – 30 б.
2. Декер Фойгт Г.Г. Введение в музыкотерапию – СПб.:Питер, 2003. – 60 с.