1-дәріс-тезистары. Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Жоспар



бет10/10
Дата15.03.2023
өлшемі33,04 Kb.
#172615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
umkd po mikrob.i virusol.

2.Судағы микроорганизмдер. Өзен суына қарағанда оның түбіндегі балшықтар бактерияларға байырақ келеді. Өзеннің жай ағатын жеріндегі бір грамм құрғақ балшыкта 2250 миллиондай бактерия кездеседі, ал суы ағынды жердің балшығында олардың саны 470 миллионға жетеді. Өзеннің ескі арналарында, өсімдіктер көп өсетін жерлердегі 1 г балшықтағы бактериялардың саны 2830 миллиондай болады. Кейбір ақпайтын суларда да бактериялар белгілі бір заңдылықпен таралады. Көл немесе тоған сулардың жиектерінде бактериялар саны оның ортасына қарағанда көбірек.
Жауыннан кейін бактериялар саны көбейіп кетеді. Егер де жауынға дейін судың 1 мл-т 8 бактерия кездессе, жауыннан кейін оның саны 1223-ке жетеді. Күн ашық кезде бұған керісінше болады. Жағадан 1000 м кашықтықта ашық күндері бір миллилитр суда 28 бактериядай кездессе, бұлыңғыр, бұлтты күндері олардың саны 1229-ға жетеді.
Бактериялар саны судың беткі қабатынан түбіне дейінгі тереңдікте бірдей болмай, өзгеріп отырады. Әдетте судың бетінен есептегендегі 5—20 см-лік тереңдігінде бактериялар саны аса көп болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет