1-дәріс-тезистары. Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Жоспар



бет4/10
Дата15.03.2023
өлшемі33,04 Kb.
#172615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
umkd po mikrob.i virusol.

1. Спирттік ашу процесі. Ашытқы саңырауқұлақтардың көмегімен қантты заттарды спиртке және көмір қышқыл газына айналуын спирттік ашу процесі деп атайды. Мұндағы АДФ деп отырғанымыз аденозин дифосфорлы қышқыл, ал АТФ — аденозин три фосфор қышқылы. Бұл қосылыстар — энергияға бай химиялық заттар. Ашу процесі барысында осы заттардың көмегімен ашытқы саңырауқұлақтар энергия алып, бұл процесті әрі қарай жүргізіп отырады.
Негізінен спирттік ашу процесіне сахаромицет тобына жататын ашытқы саңырауқұлақтар қатынасады. Мұнда этил спирті мен көмір қышқыл газынан басқа да қосымша заттар түзіледі. Оларға: сірке альдегиді, глицерин, сірке және янтарь қышқылдары, сивуш майлары жатады. Сивуш майларының түзілуі ортадағы амин қыш-қылдарының ыдырауына байланысты. Амин қышқылдарынан пайда болған аммиакпен ашытқы саңырауқұлақтар қоректенеді де ортада сивуш майлары жинала береді.
Ашытқы саңырауқұлақтармен қатар, кейбір мукор тобына жататын зең саңырауқұлақтар мен бактерияларда спирттік ашу процесін жүргізеді. Алайда олардың әрекетінен пайда болған спирт мөлшері, ашытқы саңырауқұлақтарды қолданғанғыға қарағанда, анағұрлым аз болады.
Ашытқы саңырауқұлақтар ашудың жағдайларына байланысты ортада әр түрлі заттар түзеді. Олардың ішінде басым көпшілігі этил спирті мен көмір қышқыл газы болады, кейде глицерин мен сірке қышқылы кездеседі. Ашытқы саңырауқұлақтар кез келген қанттарды ашытпай, тек моносахаридтер мен дисахаридтерді ғана ашытады. Полисахаридтерді, мәселен крахмалды, олар ашыта алмайды. Мұның себебі: ашытқы саңырауқұлақтарда амилаза ферменті болмайды. Сондықтан крахмалды өндірісте алдын ала түрлі ферменттер көмегімен моно және дисахаридтерге дейін ажыратып алады. Ал ашытқы саңырауқұлақтар клеткасында болатын мальтоза ферменті дисахарид мальтозаны глюкозаға айналдырады. Глюкозадан зимаза ферменттерінің көмегімен ашытқы саңырауқұлақтар спирт пен көмір қышқыл газын түзеді.

10 дәріс. Азотты заттардың микроорганизмдердің әсерімен өзгеріске ұшырауы.


Жоспар:
1. Мочевинаның аммонификациялануы.
2. Гумустың аммонификациялануы.
3. Нитрификация процесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет