Байланысты: 1 Ä?ð³ñ XVII ? õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòàð æ?íå õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòà
2 Дәріс XVIII ғ халықаралық қатынастар. 2.1 Еуропадағы күштер арақатынасының өзгеруі.
2.2 Англия мен Франция бақталастығының басталуы. Испан мұралары
2.3 Австрия-француздық одақтың құрылуы. Англия мен Пруссияның жақындасуы.
2.41756-1763 жж. Жетіжылдық соғыс.
Маңызды қақтығыстар. Поляк мұрасы үшін соғыс (1733) пен «поляк мәселесі». Австрия мен Ресейдің Түркияға қарсы соғысы (1735-1739). Австриялық мұрасы үшін соғыс (1741-1743). Жетіжылдық соғыс (1756-1763). Польшаның төрт бөлінісі. Орыс-түрік соғыстары: 1769-1774 Кючук-Қайнарджи бітімі, 1787-1791 Ясы бітімі.
ХІУ Людовик билеген кезінің екінші жартысында Англияның халықаралық қатынастардағы орнының күшеюімен сипатталатын Еуропаның дипломатиялық тарихындағы жаңа кезең басталды. Англия мен Франция арасында отаршылдық тонауда бақталастық күрестер болып жатты. Бұл күрестердің ең маңыздысы 1701-1714 жж. испан мұрасы үшін соғыс еді. Ол династиялық соғыс ретінде басталып, Франция мен Англия арасында теңізде және отаршылдық саясатта үстемдік ету үшін жүргізілген күрес ретінде аяқталды.
ХУІІ ғ. 90-шы жылдарында-ақ ХІУ Людовик өзге державалармен осы мұраны бөлісу жөнінде келіссөздер жүргізген еді. Испан королінің тағы бір мұрагері пайда болды: испан королі ІІІ Филипптің немересі – Австрия эрцгерцогі Карл. Англия мен Голландия Габсбургтерге қарсы бірге соққы жасауға, сол арқылы Францияға қарсы коалицияны болдырмауға ХІУ Людовик күш салды. Лондон мен Гаагадағы Францияның елшілері ағылшындар мен голландықтарды Испания тағына тек Бурбондардың немесе тек қана Габсбургтердің отыруы Еуропадағы тепе-теңдікті бұзады деп сендірді. Венадағы Францияның елшісі Еуропада бейбітшілікті сақтап қалу үшін Испанияны бөліп алу керек деп императорды сендірумен болды. Бұл қызметінде француз дипломаттары белгілі нәтижелерге жете алды.
ХУІІІ ғ. бірінші жартысының басында Түркия, Польша, Швеция тарапынан күшейген Ресей Франциямен одақтас болуды көздеді. Франция үкіметі бұл үш мемлекетпен достық қарым-қатынастарды сақтағысы келген соң, Ресей Францияның қарсыласы Австрия және Габсбургтермен жақындасты. Осы кезде Польша іштей әлсіреп, Польшаны өзіне бағындыру үшін Ресей, Франция, тағы басқа державалар арасында күрес басталды. Курфюрст Саксонский, ол сол кезде Польша королі ІІ Август қайтыс болғанда, Ресей мен Австрия Польша тағына оның ұлы ІІІ Август лайықты деп шешті, Франция болса бұрынғы король (кезінде тақтан алынған) Станислав Лещинскийдің кандидатурасын қолдады. ХУ Людовик Станиславтың қызы Марияға үйленген еді. Д'Аржансон кезінде жазған: “король жай адамның қызына үйленген, енді королева корольдің кызына айналуы қажет еді”. Француздар Лещинскийді өз адамамыз деп таныды.
ХУІІІ ғ. Англия екі революцияны басынан өткізген соң, саяси құрылымын реттеп, сауда-саттық пен отаршылдық саясатында еңбек етті. Англияға Еуропа тарапынан қауіп жоқ еді. Ол бар күшін басқа жаққа бұрды да, Еуропада саяси комбинацияларымен шектелді. Бисмарк бұл туралы былай деді: “Англияның саясаты Еуропадан ағылшын мүддесін жан-тәнімен қорғайтын ақымақ тауып алуға келіп саяды”. Бұл ХУІІІ ғ. Англияның қарсыласы саналып келген Францияға қарсы жіберу үшін өзге елдерден “дос” тауып алу саясаты.
ХУІІІ ғасыр - ұлы Британ империясын дүниеге келтірген ғасыр – Франция мен Англия арасында осы империя үшін күрес кезеңі. ХУІ ғ. Англия Испанияға күйрете соққы берді, ХУІІ ғ. Голландияны жеңді. ХУІІ ғ. Америкада біраз жерлерді иемденген, Үндістанға көз салып отырған ұлы держава Франция бар еді, сондай-ақ француздар Антил аралдарына да ие еді.
Ғасырдың ортасында Франция Англияға қарсы шыға бастады, әсіресе теңізде күрес шиеленісті. Француз министрі Маша (1745-1755 жж.) шет ел кемелерінің салығын тоннасына 5 млн. ливрге дейін көтерді. ХУІІІ ғ. 50-ші жж. Франция әскери флотын күшейтті, 1756 ж. француз флоты күші жағынан ағылшын флотымен теңесті. ХУІІІ ғ. бірінші жартысында ағылшын парламентінде вигтер партиясы басым болды, бұл партия сыртқы қақтығыстарға қатысуды қаламады. “Егер француздар келсе, төлемін беремін, бірақ қақтығыстың керегі жоқ” - сол заманның ұраны еді. Англияның билеуші топтары француздардың табысына наразылық білдірді. Көршімен бейбіт қарым-қатынас үзіліп, оны үзуші Уильям Питт-үлкені болды.
ХУІІІ ғ. Англияның билеуші топтары қомақты қаржыға ие еді. Олар өз мүдделері үшін одақтастарды сатып алуға қол жеткізді. Еуропада ақшаға сатылушылар жоқ емес болды. Олардың бірі Германия еді. Отыз жылдық соғыста әлсіреген ол ыдырау үрдісінің шарықтау шегінде тәуелсіз мемлекеттер саны мыңға жетті. Рыцарлардың иелігіндегі осы майда мемлекеттер кедей өмір кешіп жатқандықтан, өз әскерлерін ақшаға жалдауға мәжбүр болды. 1648 ж. Вестфаль бейбіт бітіміне сәйкес олар саясатта өз бетінше әрекет етуге құқылы еді. Әскер сату, сол арқылы отанын сату сияқты келеңсіз іс-әрекеттер етек алды.
Сөйтіп, батыста Жеті жылдық соғыс Францияның отаршылдық қуатын жойып, Англияның теңіздердегі үстемдігін қалыптастырып, ал шығыста Пруссияның Германияда үстемдік етуінің алғашқы қадамы болды.