Бірінші дүниежүзілік соғыс. Соғыс барысындағы дипломатиялық күрес.
1. Бірінші дүниежүзілік соғыс басындағы одықтардың қалыптасуы.
2. Соғыс барысындағыдержавалардың ұстанымдары. Одақтастар үшін дипломатиялық күрес.
3. Үштік одақтың және Антатның саясаттары.
1914 ж. көктеміне қарай еуропалық мемлекеттер арасындағы қарама-қайшылықтар өте-мөте шиеленісе түсті. Қалыптасып жатқан жағдайдың күрделілігі белгілі бір дәрежеде тек қалыптасқан екі әскери-саяси топтар – Үштік одақ пен Үштік келісім арасында ғана емес, сонымен бірге әр топтың өз ішіндегі қайшылықтардың өсуімен анықталды.
Үштік одақтан бойын аулақ салған Италия осы одақтың ыдырауын күшейтуге тырысты. Сондықтан Германияның әскери және саяси басқарушы топтары өздерінің Австро-Венгриядағы ықпалының күшеюіне мүдделі болды. Бұл жамау империяны мекендеген халықтардың ұлттық қозғалыстарының өсуінен туындаған терең дағдарыстың алдында тұрды және оның басқарушы топтары империяның ыдырауының алдын алдың бір ғана жолы бар: қаруланудың өсуі және Сербияға, ал қажет болған жағдайда Ресейге қарсы превентивті соғыс деген қорытындыға келді.
Герман дипломатиясы Балқанда қалыптасқан жағдайды пайдалану үшін қолынан келген айла-амалды қарастырып бақты. Бұл жағдайда кайзер өзінің австриялық одақтасына туындаған жағдайды, яғни Сербияға ойсырата соққы бере отырып оңтүстік славяндардың бірігуін болдырмау және Балқанда өзінің толық ықпалын орнықтыру арқылы пайдаланып қалуға кеңес беруді жөн деп тапты. Бұл соққы герман үкіметі алдына Гамбургтен Парсы шығанағына дейінгі кең территориялық кешенді қамтушы экономикалық және саяси ықпалдың шексіз күшею, сонымен бірге Балқан түбегіндегі және Кіші Азиядағы француз капиталының саяси ықпалын ығыстыру перспективаларын ашты.
1914 ж. 20 маусымында Германияны ңкелісімімен Австро-Венгрия Сербияға қарсы соғыс бастайды. Орыс үкіметі мобилизациямен жауап берді, Германия тоқтатуын талап етеді, бірақ Ресей ол ультиматумды кері қайтарады. Сонымен, 1 тамызда Германия Ресеймен соғысқа кіріседі. Германияда мобилизация бұрыннан және өте мұқият дайындалған болатын. Германияның Бас штабы Шлиффен жоспарын тезірек жүзеге асыру мақсатында Францияға кешіктірмей бірден соғыс жариялауды талап етті. Мольтке толықтырған Шлиффеннің жоспарын іске асырған герман әскері Бельгияға жеріне кіреді және 3 тамызда Германия Францияға соғыс жариялайды. Дәл осы уақытта ағылшын үкіметі де Германияға ультиматумдық нотаны бағыттайды, бірақ ол қабылданбады. Соғысқа Еуропалық мемлекеттердің отарлары да тартылды. Сонымен соғыс дүние жүзілік сипат алды.
Әлем ащы шындықтың алдында тұрды – бірінші дүние жүзілік соғыс басталды.
1915 ж. қаңтар айында Жапония Қытай үкіметіне «жиырма бір талабын» жариялады. Онда Қытай тарапынан Жапонияға ерекше экономикалық және саяси артықшылықтар берілу керектігі айтылды. Бұл талаптар бойынша Қытайдағы немістердің көмір концессиясы Жапонияға өту; жапон саудасы үшін қосымша пункттер мен порттар ашу; Квантун облысының жалға алған мерзімін ұзарту; Қытай үкіметі жанында жапондық саяси, қаржы, экономикалық және әскери кеңесшілер тағайындау керек. Қытай үкіметі болса жапондықтардың тарапынан төнген қоқан-лоқыдан қорыққан әрі АҚШ пен Англияның берген кеңесі бойынша бұл талапты аз ғана өзгерістермен орындауға мәжбүр болды.
Қыркүйек айының басында Германияның стратегиялық, яғни одақтастарды біртіндеп талқандау туралы жоспары айқындалды. Бұл ағылшын-француз-орыс келіссөздерінің барысын тездетті. Нәтижесінде 1914 ж. Германия және оның одақтастарымен оңаша бітімге келіспеу туралы Лондон декларациясына қол қойылды.
Германияның күштеуімен Осман империясы Антанта елдеріне қарсы соғысқа қатысты. Сондықтан Ресей Закавказьеде майдан құруға мәжбүр болды. Антанта жағында Осман империясына қарсы Египет соғысқа кірді.
1915 ж. дипломатиялық күрес Италия төңірегінде шиеленісті. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде Италия өзінің бейтараптылығын танытқан декларацияны жариялаған еді. Германия Ресейдегі үкімет басшылырымен байланысудың барлық мүмкіншіліктерін іздестірді. 1915 ж. ақпан айында Скандинавия елдері арқылы Ресейге ықпал етудің мүмкіндігі туды. Осы жылдың желтоқсан айында Германия мен Түркия бір мезгілде Ресейді оңаша бітімге қол қоюға көндіруге талпыныс жасады. Ресей Түркиямен келіссөз жүргізуден бас тартты, себебі Францияның тарапынан қарсылық туындады.
Осылайша, бірінші дүниежүзілік соғыстың бірінші кезеңі коалицияны бұзу мақсатында жауласқан елдердің бірімен оңаша келіссөздер жүргізуге ұмтылған германдық дипломатияның белсенділігімен сипатталды.
Антанта елдерінің қатты күштеуімен Греция өз елінің территориясында Балқандағы Салоники майданына Төрттік одаққа бағытталған күш ағылшын-француз және серб әскерлерін түсіруге келісімін берді.
Достарыңызбен бөлісу: |