1 дәрісбаян тақырыбы: Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері



бет77/116
Дата30.09.2022
өлшемі1,21 Mb.
#151276
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   116
Байланысты:
C.М. Жакупов Жалпы психология

§ 5. Ойлау қасиеттерi
Кез-келген психикалық процес тәрiздi ойлаудың да өзiндiк параметрлерi - қасиеттерi болады. Осындай ойлаудағы жекедара ерекшелiктердi бiлдiретiн ойлаудың қасиеттерi сан-алуан болады. Солардың iшiнде негiзгiлерi мыналар:
Ойдың сыңдылығы – адамның өз және өзге адамның ойларын объективтi бағалай алу, барлық жасалатын қағидалар мен тұжырымдарды түпкiлiктi және жан-жақты тексере алу қабiлетi.
Ойлаудың асығыстығыадам сауалды, мәселенi жан-жақты ойластырып алмай, оның бiр жағын бөлiп алып, асығыс шешiм қабылдауға тырысуы, белгiлi бiр дәрежеде ойластырылмаған жауаптар мен пiкiрлердi беруi.
Ойлаудың тездiгi – адамның жаңа жағдаятты тез түсiне алып, тез ойлау негiзiнде дұрыс шешiм қабылдай алуы.
Ойлаудың дербестiгiадамның жаңа мiндеттердi, мәселелердi шығара алумен және басқа адамдардың көмегiнсiз өзi мәселенiң дұрыс шешiлу жолын табумен сипатталады.
Ойлаудың икемдiлiгi – ойлаудың оны шектейтiн жатталып қалған, таптаурын шешу тәсiлдерiнен тәуелсiздiк дәрежесiн бiлдiредi.
Ойлаудың тереңдiгi – күрделi сауалдардың мәнiне терең шоғырланып, зерттей алуы.
Ойлаудың кеңдiгi дегенiмiз – адамның зерттелетiн сауалдың маңызды жақтарын түсiрмей, тұтас қамтып, талдай алу қабiлетi.
§ 6. Ойлаудың даму ерекшелiктерi
Кез-келген басқа да психикалық процестер ретiнде ойлау да онтогенез барысында бiртiндеп, қарапайымдыдан күрделiге қарай жетiледi. Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсендi қарым-қатынас жасауының нәтижесiнде, оның өмiр тәжiрибесiмен қосақталып, дамып отырады. Мәселен, бiр жасар бала әжесiнiң саусағындағы жараға жағылған йод ерiтiндiсiне көз салады. Он бес айлық бала өзi сүйрей алмаған жәшiктiң iшiндегi нәрселердi көрiп, бiртiндеп оларды азайта бастайды, сонаң соң оны жылжытатын болады.
Тiлдiң шығуы бала ойлауының дамуында елеулi кезең болып табылады. Мектепке барғанға дейiн бала ойлауы ұзақ даму жолынан өтедi. Ойлау бұл кезеңде нақтылы-бейнелi болып, әрекетпен тығыз байланысып жатады. Балалардың ойлауын дамытуда мектептегi оқу-тәрбие процесi шешушi рөл атқарады.
Ойлау саласындағы дара айырмашылықтарға келетiн болсақ, адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанымен, тұлғаның ойлау әрекетi жекедара ерекшелiктерге толы. Әрбiр адам бiрiнен-бiрi ойының кеңдiгi немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестiлiгi, логикалық жүйелiлiгi, сыншылдығы және т.б. сапалармен ажыратылады.
Ой өрiсi кең адам еркiн ойлайды, мәселенi ескi әдетпен, үйреншiктi жолмен шешпейдi. Ақыл-парасаты кең адам мәселенi түрлiше әдiстермен шешедi, бұрын қате деп сыналып табылған әдiске жоламайды.
Кейбiр адамдар мәселенiң барлық жақтарын көре бiледi, оны тез шеше алады, ойы аса сергек және белсендi келедi. Мұндай адамдар орынсыз асып-саспайды, жағдаймен санасады. Осындай қасиеттi ойдың ұшқырлығы дейдi. Бұған қарама-қарсы қасиет – ойдың асығыстық түрi. Мұндай адам ой жұмысымен онша басын ауыртпай ауырдың үстiмен, жеңiлдiң астымен жүредi. Бұл адамдар енжар ойлыққа әдеттенген, дайын тұжырымға жармасқыш, жеңiл ойлауға, мәселенi үстiртiн шешуге бейiм келедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет