§ 7. Мінез-құлық теориясы Мінез-құлық теориясы екі бағыт- рефлекторлы және әлеуметтік бағыттан құралады. Рефлекторлы бағыттың өкілі атақта американ бихеовиорсті Дж.Уотсон және Б.Скинер. Әлеуметтік бағыт өкілі американдық А.Бандура және Дж.Роттер.
Скинер теориясының қалыптасуына прагмативті көзқарас және өзінің отбасындағы тәрбие әсер еткен. Скинер бойынша қоршаған орта мінез-құлқының негізгі детерминанты мінез-құлықтың белгілі бір заңдылықтарын біле отырып оны қадағалай алу. Мінез-құлықты қадағалау үшін тәуелсіз айнымалыны тәуелді айнымалыға ауыстыру керек. Мінез-құлықты болжау, түсіндіру үшін тұлғаның тұрақты және модификациялы аспектілерін білу негізделеді.
Скиннер мінез-құлықтың кейбір түрлері негіздер арқылы анықталатынын және тәжірибе оған еш әсер ете алмайтынын мойындады. Ол мінез-құлыққа қатысты тұқым қуалаушылық пен орта арасындағы процестерді қарастырады. Генетикалық тұрғыда негізгі және тәжірибе арқылы өзгермейтін мінез-құлық респонденті және орта арқылы детерминантты мінез-құлық апирантты ретінде сипатталады. Яғни, респондент мінез-құлықтың қандай да бір стимулға жауап беру негізінде қалыптасады.
Респондентті мінез-құлық Павловтың теориясына сүйене отырып қалыптастырады. Яғни шартты стимулға шартсыз реакция, ал шартты стимул шартты реакцияға алып келеді.
Оперантты мінез-құлық сыртқы орта арқылы детерминацияланады және оны өзгертуге бағытталады.