№1 дәрісбаян тақырыбы: Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері



бет75/158
Дата08.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#117237
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   158
Байланысты:
Алия жалпы психология китап

4. Көру түйсiгi. Көру түйсiгiнiң таным процесiндегi рөлi зор. Олар адамға өте бай әрi нәзiк ажыратылатын кең көлемдi мәлiметтердi бередi.
Көру түйсiгi көзге жарық сәулесiнiң әсерi нәтижесiнде пайда болады. Бiздiң көзiмiз жалпы түстердi емес, ал белгiлi бiр заттардың түсiн қабылдайды. Заттар бiзден белгiлi бiр қашықтықта орналасып, түрлi формада, көлемде және т.б. болады. Көру бiзге объективтiк шындықтың барлық осы көптүрлi қасиеттерiн бейнелендiредi.
Көру түйсiгiнiң негiзгi рецепторлары – ол таяқшалар мен шақшалар.
Таяқшалар - көздiң iшкi бетiнiң әсiресе жиек шетiнде қалың орналасқан фоторецепторлардың бiр түрi. Ол ымырттағы көрудi қамтамасыз етедi. Адамның көзiнде 110-125 млн. таяқша клеткалары бар. Егер оның қызметi бұзылса, кеш болғанда, ымыртта көз көрмей, ңақшам соқырң (ңтауық соқырң) болып қалады.
Шақшалар - фоторецептордың тағы бiр түрi. Көздiң тор қабығының iшкi бетiнiң орта бөлiгiнде (шұңқырында – фовеада) 1 мм-де 140 000-ға дейiн қалың орналасқан. Ш. өте жарық сәулелердi ғана қабылдайды. Адамның көзiнде 6-7 млн. Шақша клеткалары бар. Егер оның қызметi бұзылса, адам жарыққа қарай алмай, “түс соқыры” (ахромазия) ауруына ұшырайды.
Конвергенция (жақындау, үйлесу) – өте жақындағы затты көру үшiн оның бiлiгiн (осiн) екi көздiң iшкi бұлшықеттерiнiң жәрдемiмен жақындату кезiндегi екi көздiң көру жолының бiр нүктеде түйiсуi.
Көз аккомодациясы (көздiң жаттығуы) - көз бұршағы дөңестiгiнiң өзгеруi арқылы көздiң әр түрлi қашықтықтағы заттарды анық көру қабiлетi. Мыс: жақындағы затты көргенде көз бұршағының дөңестiгi артады. Аккомодация кезiнде бұршақтың алдыңғы дөңестiгi 10-нан 6 мм-ге, ал артқы дөңестiгi 6 мм 5,5 мм-ге дейiн өзгере алатыны есептелген.
Барлық сезiм мүшелерi тәрiздi көру анализаторының, ондағы көз құрылымына кiретiн барлық ағзалар қозғалыста болады. Оның ұзақта, жақында қозғалып немесе жылжып бара жатқан нәрселердi көрiп анықтауда маңызы зор. Көз алты бағытта (2 - қиғаш, 4 – тура) бұлшықеттердiң жәрдемiмен тура сыртқа (42о), iшке (45о), жоғары (54о), төмен (57о) қозғалады.
Көздiң өткiрлiгi - көру бұрышы бiр минутқа тең болған жағдайда, көздiң екi нүктенi жеке-жеке көру қабiлетi. Көздiң ең өткiр жерi сары дақ аймағы. Көз өткiрлiгiн арнайы сандар немесе сөздер жазылған кестенi пайдалану арқылы анықтайды.
Көру түйсiгiнде рецепторлық iс-әрекеттiң барлық негiзгi психофизиологиялық заңдылықтары – адаптация, контрасттылық, әрекеттен кейiнгi бейне, өзара әрекеттесу айқын көрiнiс табады.
Әдетте, адамға бинокулярлық көру тән. Бинокулярлық көру дегенiмiз - екi көзбен бiрдей көру, сәуленiң екi көздегi тор қабыққа бiрдей түсуiнен екi түйсiну сезiмiнiң бiрiгiп, бiр көру түйсiгi, қабылдауының тууы.
Алыстан көргiштiк - көздiң жарық сәулесiн дұрыс сындырмауынан туатын ауытқулардың бiр түрi. Бұл кемiстiк салдарынан бiр заттан шыққан параллель сәулелер фокусы көз iшiнде бағытын өзгертiп, сынғаннан кейiн көз торының арт жағына түседi. Шын мәнiнде, ңалыстан көргiштiкң деген сөз өз мағынасына сәйкес келмейдi, өйткенi ондай адам затты алыстан да, жақыннан да анық көре алмайды. Алыстан көрудi рефракцияны күшейтетiн дөңестi көзiлдiрiк арқылы жүзеге асыра алады.
Сонымен қатар, көру түйсiгiн қарастырғанда дальтонизм деп аталатын ерекше құбылыстың адамдардың iшiнде кездесетiнiн айта кеткен жөн. Дальтонизм - түстi ажырата алмаушылық - ағылшын химигi әрi физигi Дж. Дальтон (1766-1844) тапқан көру кемiстiгiнiң бiр түрi. Ол - iштен туа және туғаннан кейiн заттың түсiн, әсiресе қызыл түстi ажырата алмау. Бұл жағдайда науқас адам қызыл түстi жасыл түстен, күлгiн және күрең түстерден ажырата алмайды. Дальтонизммен азап шеккен адам барлық затты тек екi түсте: сары мен көк түсте ғана көредi. Мұндай ауруға әйелдерге қарағанда, ер адамдар көп шалдығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет