№1 дәрісбаян тақырыбы: Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері



бет71/158
Дата08.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#117237
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   158
Байланысты:
Алия жалпы психология китап

Терi сезгiштiгi сезiм мүшелерiнiң классикалық физиологиясы бойынша төрт түрге бөлiнедi. Әдетте, келесi рецепцияларды ажыратады: 1) ауырсыну, 2) жылулық, 3) суықтық және 4) жанасу және қысым. Шамамен, бұл сезгiштiктердiң әрқайсысында өздерiнiң арнайы рецепторлары және ерекше афференттiк жүйесi болады.

1. Ауырсыну түйсiгi
Ауырсыну биологиялық өте маңызды қорғаныс бейiмi болып табылады. Сипаты мен күшi бойынша қиратушы тiтiркендiргiштердiң әсерiнен ауырсыну организм үшiн қауiптi әсерлер жөнiнде белгi бередi.
Адам денесiнде ауырсынуға сезiмтал емес және ауырсынуға сезiмтал учаскелер болады. Шамамен, 1 см-ге 100 ауырсыну нүктелерi сәйкес келедi.
Эксперименттiк зерттеулер көрсеткендей, ауырсыну нүктелерiнiң таралуы динамикалық, қозғалғыш сипатта болады. Ауырсыну түйсiктерi белгiлi бiр тiтiркендiргiштен келетiн импульстардың қарқындылығы, ұзақтығы мен жиiлiгiнiң шамадан тыс артуының нәтижесi болып табылады.
Ауырсыну сезгiштiгiне аз қозғыштық тән. Ауыртатын тiтiркендiргiштен кейiнгi импульстар баяу өткiзiледi. Ауырсыну импульстарына бейiмделу өте баяу жүредi. Ауырсынуды сезiну белгiлi бiр қанағаттанбағандықпен немесе азап шегумен байланысты. Ауырсынудың орналасқан жерi айқынсыз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет