Естiң жалпы сипаттамасы мен анықтамасы. Ес психикалық процесс ретiнде. Естiң негiзгi механизмдерi:есте сақтау,тану және қайта жаңғырту. Ес процестерiнiң зерттелу тарихы. Ассоциациациялар туралы түсiнiк. Аристотель еңбектерi. Ассоциациалардың пайда болуының заңдылықтарын эксперименталды зерттеулер. Г.Эббингауз:ассоциациациялар үшiн оқиғалардың маңыздылығы, шет эффектсi, ұмыту заңы. Гештальтпсихологиядағы ес мәселесi. Квазиқажеттiлiк. Бихевиоризм мен психоанализ өкiлдерiнiң зерттеулерiндегi ес мәселесi. А.Бине мен К.Бюлердiң мағыналық теориясы. П.Жане мен Л.Выготский зерттеулерiндегi естiң жоғарғы формаларының қалыптасу мәселесi.
Естiң негiзгi түрлерi.Естiң жеке түрлерiнiң классификациясы:психикалық белсендiлiгi, iс-әрекет мақсаты бойынша,материалдың бекiп,сақталу ұзақтығына байланысты. Эмоциялық ес. Бейнелiк ес. Сөз-логикалық ес. Ырықты және ырықсыз ес. Қысқа уақыттық, ұзақ уақыттық және операциялық ес.
Естiң механизмдерi мен негiзгi процестерi. Есте сақтаудың негiзгi түрлерi: ырықты және ырықсыз. Жаттау. Мнемикалық iс-iрекет туралы түсiнiк.Мағыналанған және механикалық есте сақтау. Қайталау әдiсi. Қайта жаңғырту бейне жасау процесi ретiнде.Тану және оның қайта жаңғыртудан айырмашылығы.