§ 4. Естiң негiзгi процестерi мен механизмдерi Естiң негiзгi процестерi: есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту. Есте қалдыру дегенiмiз - жаңадан қабылданған бейнелер мен мәлiметтердi және олардың мәнiн есте бұрыңғы сақталғандармен байланыстырып отыруды айтамыз. Жаңа бiлiмдердi алуда және iс-әрекеттердiң жаңа түрлерiне ие болуда ол орын алады. Бiрақ есте қалдыруда әр нәрсе сақтала бермейдi. Бiр экспериментте адамдарға карточкалар берiлдi. Ол жерде сүреттер мен сандар болған. Бiрiншi зерттелiнүшiлiрге сол сүреттерде заттарды танысын деп тапсырма бердi, ал екiншiлерге сандарға қарап карточкаларды реттерiмен қойсын деген. Тапсырма бiткеннен кейi, карточкадағыны есiңiзге түсiрiңiзшi дегенде, бiрiншiлер тек сүреттердi, екiншiлер сандарды ғана түсiрiптi. Осыған орай, еске қалдыру әрекеттердiң мақсаттарыменен, мотивтерiменен және тәсiлдерменен айқындалынып отырады. Бұл есте қалдырудың таңдамалығын көрсетедi. Өйткенi адам бастан көшiргеннен және болмыстан өмiр мен тiршiлiкке қажеттi әсерлердi, бiлiмдердi және мәлiметтердi жадысына қалдыруды мақсаттайды. Арнайы есте үшiн мынадай шарттар қажет: