Дислекция - дыбысты қандай әріппен белгілеуді түсіне алмау. Мұндай қиындық тілі жай шыққан балаларда байқалады. Жалпы дамудың жеткіліксіздігі де баланың оқуда артта қалуының себебі болады.
Әр түрлі ауытқулары бар оқушылар саны азаймай отырғандықтан кейбір мектептерде теңестіру сыныптары, түзету топтары ашылған. Олардың жұмысы бала дамуына жақсы әсер етіп, ол біраз уақыттан соң қалыпты балалар оқитын сыныпта оқиды.