1. "Дидактика" - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеті. Оның барысында оқушы дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады. Оқыту және білім алу.
Оқыту дегеніміз - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетанымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекет ұйымдастыруы және ынталандыру іс- әрекеті. Оқытудың маңызды міндеттері:
• Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
• Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу- танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
• Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.
Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады.
Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны омірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Достарыңызбен бөлісу: |