Мәдени дағдылар: ұжымды, басқа адамдарды құрметтеу, өзін-өзі тәрбиелеу.
Гигиеналық дағдылар: денені таза ұстау.
4. Оқыту процесінің қызметі. Оқыту процесінің өзіне тән кызметтері бар. Олар оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту қызметтері.
Оқытудың білім беру қызметі - бұл адам баласының білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Білімді толық игеру үшін қойылатын талаптар: білімнің толықтығы, білімнің түсініктілігі, білімнің әрекеттілігі.
Оқытудың тәрбиелік қызметі – оқытуды4 тәрбилік ықпалы жайындағы идея Я.А.Коменскийдің, И.Ф.Гербарттың, Ф.А.Дистервектің, Н.И.Пироговтың және К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.
Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби "тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы болады" деп, қатты ескертті. М. Дулатов "Оқытудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек"деп, оқу мен тәрбиенің біртұтас педагогикалық әрекет деп түсінген.
Тәрбиелей отырып оқыту, моральдық нормаларды, мінез- құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |