Іскерліктердің байланыстары:
- тиімді оқу жұмысының іскерліктері
- интеллектуалдық іскерліктер
- арнайы пәндік іскерліктер
Дағды — іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс- әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай, жасауға мүмкіндік береді.
Дағдылар ақыл-ой, тілдік, сенсорлық, ерік-жігер, мәдени, гигиеналық болып бөлінеді.
Ақыл-ой дағдылары: әдебиеттерді, сызбаларды оқу, есте сақтау, өткенді қайталау.
Тілдік дағдылар: сөйлемдерді дұрыс құру, дәйекті дәлелдерге сүйеніп сөйлеу және жазу, таза сөйлеу, қыстырма сөздерді қолданбау.
Қозғалыс дағдылары: киіну, өзіне-өзі қызмет ету, жүріс.
Еңбек дағдылары: түрлі еңбек құралдарымен, станоктармен, машиналармен жұмыс істеу. Сенсорлық дағдылар: ана тілін, кеңістік және уақытты қабылдау.
Ерік-жігер дағдылары: іс-әрекеттегі белсенділік, тәртіптілік, талап қоя білу.
Достарыңызбен бөлісу: |