Оқыту мазмұны - оқыту процесінде оқушы меңгеретін ғылыми білімдер.
Оқыту процесінің бастапқы кезеңінде мұғалім оқушыларды оқу материалдарымен және оны қолдану әдістерімен таныстырды. Оқу материалының жаңа бөлігін меңгеру және бекіту қатар жүреді. Оқытудың мақсаты - оқу материалының негізгі ойын және тәжірибелік маңызын оқушыға меңгерту. Екінші кезеңде оқу материалы қайталанады және оқушылар маған білімдерін қолданады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты -алған білімді нақтылау, кеңейту, жаңғырту, тәжірибелік қолдану.
Үшінші кезеңде мұғалім тәжірибелік жұмыс арқылы оқушылардың білімдерін жүйелейді. Оқушы алған білімін мұғалімнің көмегімен де және өз бетімен де қолданады, меңгерген білімдерін бір-бірімен салыстырады. Бұл кезеңдегі оқыту нәтижесінің көрсеткіші:
• оқушылардың мәселелерді өз бетімен шешуі;
• білімді түрлі жағдайларда қолдана білуі.
Оқыту процесін кезеңдерге бөлу, талдау оның ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |