1. "Дидактика" бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы



бет17/27
Дата01.05.2020
өлшемі42,94 Kb.
#65336
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
педагогика

Бірінші ерекшелік. Оқыту мен оқудың бірлігі. Олардың біреуін өзгерту, екіншісінің өзгеруіне де ықпал етеді.

Оқыту процесінің екінші ерекшілігі: оқыту және оқудың өзара байланысы. Бір циклден екіншісіне жоспарлы түрде өту - оқытуды басқаруға қойылатын келесі талаптардың бірі.



Үшінші ерекшелік оқушылардың оқу ақпараттарын қалай қабылдағанын, оны меңгеру нәтижесінде қандай ішкі процестер өтетінін, қандай жағдайлардың оқытуға ықпал ететінін бірден бағалауға болмайтындығында. Оқу процесінде жоспардан ауытқулар болуы мүмкін, оның алдын алу үшін мұғалім ең басты ұғымдарға назар аударады.

Оқыту - оқыту процесінің негізгі бөліктерінің бірі. Оқытушының іс-әрекеті оқушымен тікелей де, жанама да байланыста жүзеге асырылады. Оқытушы іс-әрекеті:

•  оқу ақпараттарын іріктейді, жүйелейді, бөліктерге бөледі және оқушыларға ұсынады.

•  осы ақпараттарды үйретеді, меңгертеді, олармен істелетін жұмыс әдістерін белгілейді.

•  әрбір оқушының білімдер жүйесін меңгеруін және оларды оқу-өндірістік жұмыстарда қолдануын ұйымдастырады.

•  оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетіне басшылық етеді.

•  оқытушы оқушылардың белсенділігін және саналылығын ынталандырады, білімнің және оқу іс-әрекетінің сапасын бақылайды, оқыту нәтижелерін талдайды, оқушының жеке тұлғасын одан әрі дамытуды жоспарлайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет