Бағдарламалық оқыту - тақырыпты оқу бағдарламасы бойынша арнайы құралдар (оқулық, ЭЕМ) көмегімен оқушының өз бетімен меңгеруі. Бағдарламалық оқытудық негізгі ұғымы оқытатын бағдарлама. Бағдарлама З бөлімнен тұрады; оқу ақпараттарының үзінділері, онымен жұмыс істеу операциялары - тапсырма, меңгеру үшін істелетін жұмыстар, бақылау тапсырмалары (кері байланыс), жаттығуларды қайталау немесе келесі бөлікке өту туралы нұсқаулар.
Б. Скиннер (1904 ж. туған) жасаған линиялық бағдарламада оқу материалдары шағын бөліктеріге бөлінеді. Материалды меңгеру үшін берілген тапсырмадағы ақпаратты оқып, оқушы оның бос жерлерін бір немесе бірнеше сөздермен толтырады. Содан кейін жауабын бұған дейін жабық тұрған жауаппен тексереді, дұрыс жауап берсе ақпараттың келесі бөлігін оқиды, ал оқушы дұрыс жауап бермесе, онда ол ақпаратпен қайта жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |