Оқушылардың білімді ұғыну сатылары:
1. Білім – ақпараттағы нақты элементтердің орнын анықтау.
2. Түсіну – баяндалған материалды түсіну.
3. Қолдану – ережелерді, тұжырымдамаларды, қағидаларды, теорияларды, идеяларды жаңа жағдайларда қолдану.
4. Талдау – ақпаратты құрамдас бөліктерге бөлу.
5. Синтез (жаңаны жасау) – әр түрлі идеялардан жаңа өнім немесе жоспар жасау.
6. Бағалау – белгілі бір өлшемдер және стандарттар негізінде материалдар мен идеялардың маңызын бағалау.
Дидактикалық жүйелер уақыт талабына сай өзгеріп отырады. Мысалы, И.Гербарттың дидактикасы кейін дәстүрлі оқыту түріне айналды. Онда Я.А.Коменский дидактикасында, сол сияқты ертедегі догматикалық және схоластикалық жүйелердің әлементтері болды. Сол сияқты қазіргі бағдарламалық немесе компьютерлік оқытулар да бұрынғы жүйелер жасаған негізге сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |