Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті. Оқу - оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Оқушының оқыту процесіндегі іс-әрекеті бір нәтижеге жетуге бағытталған.
Осы іс-әрекеттің маңызды белгілері: өзін-өзі сынау және өз бетімен жұмыс істей білу, қызығушылық, қажеттілік, танымымдық белсенділік, табандылық, жігерлілік, өзінің алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсіну, керекті іс- қимылдарды таңдау.
Оқу іс-әрекеті мазмұн, жеке іс-қимылдар, мотивтер сияқты бөліктерден тұрады.
Оқыту нәтижелері, оны бағалау. Оқыту қол жеткен нәтижелерді талдаумен аяқталады. Бірінші сабақтағы ең басты назар оқушыға жаңа білім, іскерліктерді меңгеруге көмектесуге аударылып, келесі сабақтарда бақылау және талдау күшейтіледі.
Оқушылар жаттығуларды, үй тапсырмаларын жеткілікті деңгейде орындағаннан кейін меңгерілген оқу материалын қолдануға назар аударылады.
Қорытындыларды шығаруға оқушылардың өздері де қатыстырылады. Сөйтіп, оқытудың соңғы кезеңінде білімдегі, іскерліктегі кемшіліктер анықталып, меңгерілген тақырыптармен және бөлімдермен одан әрі жұмыс істеу жолдары белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |