1. "Дидактика" бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы



бет26/27
Дата01.05.2020
өлшемі42,94 Kb.
#65336
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
педагогика

Біліміне қарай саралап оқыту. Оқытудық барлық түрі, әсіресе бағдарламалық оқыту саралап оқытуға мүмкіндік береді. Саралап оқытуды қолданған мұғалім әрбір оқушының мүмкіндіктерін және талап-тілектерін тексереді. Саралап оқытудық мақсаты - оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын ояту.

Егер саралап оқыту жекелеген оқушыларға қатысты болса, онда ол жекелеп оқытуға айналады. Жекелеп оқыту үшін алдымен оның кімге керектігі анықталады, ол мектепте оқуға дайын емес немесе нашар дайындалған оқушыларға керек. Мектепте оқи бастаған балалардың арасында айырмашылық көп. Мұғалім әр оқушының жеке тұлғасын мұқият бақылап тестіден өткізіп, оқу мүмкіндіктерін анықтап, олардың жұмыс істеу тәсілдерін таңдап, ата-аналармен кеңеседі.

Әсіресе оқу қиынға түсетін оқушыларға ерекше назар аудару керек. Баланың оқуын қиындататын көптеген себептер бар. Мектеп жасына келгенмен дамуында құрбыларынан 1,5-2 жыл кейін қалатындар бар.

Қозғалыс іскерлігі дұрыс қалыптаспаған оқушылар жаза алмайды, сурет салып, тәжірибеде түрлі іс-әрекет жасай алмайды. Дене тәрбиесі сурет, ермексазбен жұмыс, еңбек пәндерін меңгеруде үлкен қиыншылықтарға душар болады. Олардың нашар жұмыстарын өздеріне қайта жасатқанмен, ол өз дамуында артта қала береді. Баланың оқуына оның қозғалысының дұрыс дамымағандығы кедергі жасайды. Мұндай оқушылармен жеке жұмыс өте қажет, қозғалыстарын арнаулы жаттығулармен түзетіп, бұлшық еттерін жаттықтыру керек.



Есте сақтау қабілеті бұзылған оқушылармен де жеке жұмыс істеу керек. Бала материалды қайталай алады, бірақ қарапайым тақпақты, көбейту кестесін жаттай алмайды. Мұндай балаларға жеке бағдарлама жасалады, онда көрнекілікті және қолдану, қабілетін жаттықтыратын тәсілдер қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет