Дистанциялық оқыту (алыстан білім беру), электрондық және телекоммуникациалық құралдар арқылы алыста орналасқан адамдардық оқу-танымдық қызметі мен дамуын ұйымдастыру. Дистанциялық оқытуға тән нерсе жоғары мотивация және оқушылардағы дамыған танымдық қызмет, тек осылай болғанда оқушылар интерактивтік режимде жұмыс істей алады. Дистанциялық мектептің оқушылары өз қалаулары бойынша оқу материалдарымен, мұғаліммен жұмыстарын шамалап, өз сұрақтарына керекті жауаптарын алады.
Түсіндіру-суреттеу арқылы оқыту. Оның мәні атынан көрінеді. Бұл оқытудың кең тараған түрі. Оны ғылыми негіздеген және сипаттаған неміс ғалымы И.Гербарт. Оқушылардың негізгі іс-әрекеті: берілген білімнің мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерінде сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесіз қайталап айтып беруі.
Түсіндіру-суреттеу арқылы оқытудың жақсы жақтары: уақыт үнемдейді, мұғалім мен оқушылардың күшін саңтайды, оқушылардың күрделі білімдерді түсінуін жеңілдетеді, процесті тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оның ірі кемшіліктері бар. "Дайын" білімдер оқушыларды өз бетімен ойлауға үйретпейді, жеке оқушылармен жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, оның ақыл-ой қабілетін және оқушының іскерлігін нашар дамытады. Сондықтан дидактикада, әсіресе XX ғасырда, өнімді (репродуктивтіктен өзге) ойлауға, шығармашылық ой дағдыларына үйрететін модельдерді іздестіру жүрді. Осылайша проблемалық оқыту пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |