Оқытудың дамыту қызметі. Оқыту процесі, білімді меңгеру оқушыны дамытады. Оқушының тілі, ақыл-ойы, сенсорлық және қозғалыс аймағы, сезімі, ерік- жігері, қажеттіліктері, мотивтері дамиды. Оқыту - жеке тұлғаны дамыту құралы. Қазіргі оқыту тек білім берумен шектелмей, оқушыны әр жақты дамытуға, алдымен ақыл-ойды дамытуға бағытталған.
5. Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері. Дидактика тарихында оқыту мақсаты туралы екі көзқарас болды. Біріншісі: мақсат - жеке тұлғаның ақыл- ойын, есін және басқа қабілеттерін дамыту деген тұжырым. Екіншісі: мақсат - ғылым негіздерін меңгерту, өмірге қажет нақты білімдер беру.
Оқу материалын меңгертуде мұғалім өзінің алдына 4 түрлі дидактикалық мақсат қояды. Олар:
• оқушыны оқу материалымен таныстыру және оны бірінші рет бекіту;
• оқығанды еске түсірту;
• білім және іскерлікті қолдану арқылы жүйелеу;
• білім, іскерлікті бақылау және есепке алу.
Достарыңызбен бөлісу: |