Білім толық, жинақы, жүйелі, берік, пәрменді болу керек.
Белсенділік, өздік, өнімділік, сыншылдық, ұғымталдық, тұрақтылық, тереңдік арқылы ақыл-ой сапаларын қалыптастырады. Ой жұмысы тұрақты, терең жүреді.
Ой тұрақтылығы дегеніміз - ойдың маңызды, оқу материалдарына тоқталуы, оларды ойда сақтау керек жерде қолдана білу.
Ойдың терендігі оқылған объектіні терең білуден, оны өз бетімен зерттеп, ішкі байланыстарын, басқа объектілермен байланыстарын аша білуден көрінеді.
Меңгеру нәтижесінің сапасы оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бағалау арқылы анықталады. Білім сапасы- білімді меңгеру нәтижесі.
Іскерлік — бұл кез келген іс-әрекет емес, ол табысты, тиімді орындалатын іс-әрекет. Іскерлік дегеніміз - іс әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін таңдау және қолдану, адамның жұмысты өнімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.
Іскерліктің құрамы күрделі. Оған "елес, ұғым, білім, дағды, зейінді шоғырландыру, бөлу, ауыстыру, қабылдасау, ойлау, іс-әрекет процесін реттеу және өзін-өзі бақылау дағдылары" енеді. Дидактиктер іс-әрекетке байланысты теориялық және практикалық (өлшеу, есептеу, энергия көздерін, реактивтерді қолдану, т.б.) іскерліктерді бөледі. Ал психологтар психикалық процеске керек ес, қабылдау, ойлау іскерліктерін атайды.
Психология және дидактика тәжірибесі оқу бағдарламаларына өте маңызды оқу іс-әрекеттерін енгізуді талап етті. Олар:
• арнайы іскерлік;
• оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерлігі;
• ақыл-ой іскерлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |