4. Білім, іскерлік, дағды. Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналыру үшін оны ойлау операциясы, талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Білім - қандай да бір іс-әрекетті жасау негізі. Іс-әрекет жеке тұлғаны калыптастырады.
Білім - қоғамдық-өндірістік тәжірибеде қолданылады, меңгерілген білім көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады, қоғамдық-материалдық байлықтың артуына, рухани мәдениеттің дамуына өз үлесін қосады. Осылайша жеке тұлға сапалы білім керектігін, оның пайдасын көреді. Бұл жағдайда оқыту балаға тек білім беретін процесс емес, ол баланын, жеке тұлғалық бағыттарын, жақсы мен жаманға көзқарастарын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |