1. "Дидактика" бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы


Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931 жж.)-



бет8/27
Дата01.05.2020
өлшемі42,94 Kb.
#65336
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
педагогика

Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931 жж.)- "Тәрбиеге жетекші" (1924) деген еңбегінде баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудық дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика бөлімі "дидактика" деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген. Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдет-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938 жж.)- Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Олар:

•  мұғалімнің қатты сөйлеуі;

•  суреттердің бояуының ашықтығы;

•  әсердің күштілігі;

•  затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату.

Сонымен дидактика бойынша көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар одан әрі жүргізілуде. Қазір дидактиканың алдында көптеген міндеттер тұр. Олар:

•  І-ХІ сыныптарға арналған жаңа оқулықтарды жазуды бітіріп, оларды мектепке енгізу;

•  аз комплектілі мектептердегі, мектепке дейінгі мекемелердегі оқу процесін жетілдіру;

•  білімдік процеске жаңа технологиялар енгізу;

•  мектептерді комьютрлендіруді 2002 жылы аяқтау;

•  мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жасауды аяқтау, оларды кезең- кезеңмен мектептерге енгізу;

•  ерекше дарынды балаларды оқыту бағдарламаларын ғылыми негіздеу;

•  білім беруді ізгілендірудің ғылыми әдістерін жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет