Баяндама: «Тәрбиешінің үй тапсырмасын орындатудағы өзіндік жұмысының түрлері» (педагогикалық кеңес) Орындаған: Келисбаева Б. У. Балқаш қаласы, 2015-2016 оқу жылы Тақырыбы



бет1/10
Дата13.11.2016
өлшемі1,25 Mb.
#1613
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп- интернаты»КММ


Баяндама:

«Тәрбиешінің үй тапсырмасын орындатудағы

өзіндік жұмысының түрлері»

(педагогикалық кеңес)


Орындаған: Келисбаева Б.У.

Балқаш қаласы, 2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: «Тәрбиешінің үй тапсырмасын орындатудағы өзіндік жұмысының түрлері»

«Үй тапсырмасы - келесі сабақтың ірге тасы»-деп бекер айтылмаған. Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады.

Үй жұмысы – бұл оқу үдерісін ұйымдастыру формасы, яғни ол сабақ емес екенін әр тәрбиеші түсіну керек. Үй тапсырмасын орындау үшін мұғалім мен тәрбиешінің қарым- қатынас күнделігі болу керек. Барлық сабақтың негізін сыныпта пән мұғалімдері салады. Ал тәрбиеші оған басшылық жасайды, мұғалімнің жұмысын жалғастырады. Осыдан барып, үй тапсырмасын орындау бойынша мынандай міндеттер шығады:


  • Өз білімін көтеру тәжірибесін бекіту;

  • Ұйымдастыру кезінде тәртіптілікке, жинақылыққа, ұйымшылдыққа, өз бетінше жұмыс істеуге әрекет жасайды;

  • Сабақ оқуға талап ету, икемділікке тәрбиелеу;

  • Анықтамаларды, сөздіктерді қосымша әдебиеттерді дұрыс пайдалану;

Үй жұмысының түрлері:

1) танымдық әрекеттің сипаты бойынша - репродуктивті және шығармашылық;

2) оқу әрекеті бойынша – жаттығулар орындау және есептер шығару, оқулықпен жұмыс, бақылаулар мен тәжірибелер, қосымша әдебиеттерді оқу, баяндамалар мен хабарламалар дайындау болып бөлінеді.

9 «а» сыныбында үлгерімі бірдей оқушылар үй тапсырмасын түрлі уақыт көлемін жұмсайтыны анықталды.Айырмашылық біреудің 20 минуттық тапсырмасын басқа біреу 40 минутта, тіпті 1 сағатта орындайды. Сондықтан бір сыныпта оқитын әрбір оқушыға оларды игеруге түрлі уақыт қажет болады.Осы қиындықтар орын алмау үшін мұғалім тапсырманы оқушының өзі еркін және қызыға орындайтындай жағын қарастырса. Үй тапсырмасының шамадан тыс көп берілуі оқушының білімге деген құштарлығына кері әсер етуі мүмкін. Оқушыға берілген 1 жарым сағаттың ішінде оқушылардың қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар берілсе. Кейде пән мұғалімдері үйге тапсырма бергенде өз пәнінің жүйесі тұрғысынан ғана қарап, сол күні басқа пәндерден беріліп жатқан тапсырмаларды ескермейді, сондықтан үй тапсырмасының көлемі ұлғайып, түр жағынан өзгеруіне байланысты оқушылар үлкен қиыншылықтарға кездеседі.

Мектеп тәжірибесінде үй тапсырмасының төмендегі формалары қолданылады:

- жеке дара;

- топтық;

- шығармашылық;

- сараланған;

- сыныпқа бірдей;

- парта бойынша көршісі үшін үй тапсырмасын құру.

Өз тәжірибемде топтық жұмысты қолданамын. Оның тиімділігі зор.Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелейді.Сыныптағы топ басшылары Ағнай Бағдина және Қадырберлин Әсет. Әр топ тапсырманы орындағаннан кейін салыстыру арқылы тексереді. Бұл әдіс алгебра, орыс тілі, қазақ тілі пәндерін орындағанда қолданылады.

Сыныпқа бірдей тапсырма-үй жұмысын орындатудың кең тараған түрі. Мұндай әдісті қолдану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Оқушылардың түрлі дағдыларын бекітеді, біліктілік қалыптасады.

Парта бойынша үй жұмысын орындауда тиімді. Бұл әдіс оқушылардың бір-біріне үйретуі,түсіндіруі,көмектесуі олардың жауапкершілігін арттырады. Жақсы оқитын оқушы үлгерімі төмен оқушыға жауапты екенін сезінеді.

Үй тапсырмасын күнделікті тексеру талдап отыру. сапалы білімге қол жеткізудің басты шарттарының бірі. Үй тапсырмасын тексерудің маңызды дидактикалық ережесі- барлық оқушыларды тексерумен қамту және әрбір оқушыны жеке қатаң тәртіп бойынша тексере отырып,сыныптың оқушыларының белсенділігі артады.

9 «а» сыныбында үй тапсырмасы кезінде жазбаша жұмыстарының қалай орындалғанын тексеру басты міндетім болып табылады. Қорыта айтқанда: «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» демекші оқушыларды ең бірінші тәрбиелеу керек. Үй тапсырмасын орындату барысында оқушы санасына білім берік қалыптасып оның өзіне деген сенімділігі артады. Менің сыныбымда әрбір оқушының бойында сенімділік, икемділік, ұқыптылық, жауапкершілік қалыптасқан. Тәрбиенің арқасында сынып оқушылары тек өздерін жақсы жақтарынан көрсете біледі, оның дәлелі мектепішілік барлық өтетін іс-шараларға қатысып жетістіктерге жетудеміз.



Өз ойымды Елбасының «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе , балалардың алдында жауапкершілігімізді күшейтуіміз керек» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр.Ендеше ойлы ұрпақты бірігіп тәрбиелейік, құрметті ұстаздар!











Үй жүмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үй тапсырмасы - сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгеруіне керекті шарттың бірі болып табылады. Мектеп оқушыларының оқуды үлгермеуіне әкеліп соғатын себептердің көп таралған бір түрі үйге берілген тапсырмаларды қанағаттанарлықсыз орындауы. 
Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа тұрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні зор. Себебі, үй жұмысын күнжелікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады. Өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқудың әр-түрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл-ой әрекеттерінің жеке дара дәстүрі қалыптасады. 
1. Дидактикалық мақсаты: бүкіл класс бойынша үй тапсырмасын сапалы түрде, дұрыс орындағанын тексеру, тексеру барысында байқалған кемшіліктерді жою, білім, білік дағдыларын одан әрі жетілдіру. 
2. Кезеңнің мазмұны: 
1). Үйге берілген материалдық білім деңгейінде көрініс табу. 
2). Білімдегі типтік кемшіліктерді анықтау, оның пайда болу себептерін зерттеу. 
3). Байқалған кемшіліктерді жою. 
Жақсы нәтижелерге жетудің шарттары: 
1. Тәрбиеші қызметінің мақсаттылығы, мұғалімнің оперативті түрде жұмыс істеу. 
2. Мұғалімнің класс оқушыларының көпшілігінде үй тапсырмасының орындалғанын тексерудің жүйелі тәсілдерін қолдана білу. 


Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет