Баяндама: «Тәрбиешінің үй тапсырмасын орындатудағы өзіндік жұмысының түрлері» (педагогикалық кеңес) Орындаған: Келисбаева Б. У. Балқаш қаласы, 2015-2016 оқу жылы Тақырыбы



бет2/10
Дата13.11.2016
өлшемі1,25 Mb.
#1613
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мысалы 9 «А» сынып оқушысының тәрбиешісі ретінде үй тапсырмасын орындауда туындайтын қиыншылықтар
1 . Қазақ әдебиеті 33-38 бет, оқу, әңгімелеу, ереже жаттау., 34 беттегі тапс. жазу 
2. Алгебра 121 бет. №№156,157.


3. Қазақстан тарихы 133-140 бет оқу, мазмұндау, Кестемен жұмыс.

4.Орыс тілі. Жазбаша 4-5жаттығуды орындау. Ережелерді жаттау, 5. Дене шынықтыру. Спорт формасын дайындау 




Үй тапсырмасы - сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі.Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгіруіне керекті шарттың бірі болып табылады. Мектеп оқушыларының оқуды үлгірмеуіне әкеліп соғатын себептердің көп таралған бір түрі үйге берілген тапсырмаларды қанағаттанарлықсыз орындауы, ал мұның өзі көбінесе үйге берілетін тапсырманың шамадан тыс көп беруден болады.
Оқушыларға кейде ақыл-ой күшін көп жұмсауды талап ететін тапсырмалар ғана емес, тіпті дене күшін орасан мол жұмсауды керек қылатын тапсырмалар беріледі. Шамасы келмейтін тапсырманы алған оқушылардың бірсыпырасы оларды орындауды мүлде қояды, ал енді біреулері оны жарым-жартылап қана орындайды, осыдан барып оқушылардың алған білімінде олқылықтар пайда болады да, сыныпта нашар оқитын оқушылар саны артады.

Пән мұғалімдері кейде үйге тапсырма бергенде өз пәнінің жүйесі тұрғысынан ғана қарап, сол күні басқа пәндерден беріліп жатқан тапсырмаларды ескермейді. Үйге берілген тапсырмалардың көлемі жағынан ұлғайып, түр жағынапн өзгеруіне байланысты оқушылар үлкен қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан мұғалімдер оқушыларға үй тапсырмасын орындаудың тәртібі мен әдістерін, тиімді жолдарын түсіндіріп отырса екен.

Мысалы 9 «А» сынып оқушысының тәрбиешісі ретінде үй тапсырмасын орындауда туындайтын қиыншылықтар
1. Қазақ әдебиеті 33-38 бет, оқу, әңгімелеу, ереже жаттау., 34 беттегі тапс. жазу 
2. Алгебра 121 бет. №№156,157.


3. Қазақстан тарихы 133-140 бет оқу, мазмұндау, Кестемен жұмыс.

4.Орыс тілі. Жазбаша 4-5жаттығуды орындау. Ережелерді жаттау, 5. Дене шынықтыру. Спорт формасын дайындау 


Жалпы оқушыларға үй тапсырмасын беруде сыныптың деңгейіне байланысты үш топқа алып қарастырамын. 
1.Логикалық ойын дамыту барысында қазақ тіліндегі қызықты деректер,сөзжұмбақтар, ребустар, диалог құрастыру сияқтв тапсырмаларды беремін.Бұл тапсырмаларды әңгіме,көрнекілік әдістерімен,ойын әдістерімен тексеремін.Нәтиже: сөзжұмбақтар,ребустар,суреттер жинағы. 
2.Есте сақтау қабілеттерін дамыту барысында: мәтінді өңдеу,мәтінді өзгерту деген тапсырмаларын ұсынамын.Бұл тапсырмаларды жекелей және топпен тексеруге болады. 
Нәтиже.Мазмұндама жазуға,өз ойын жеткізе алатындай дәрежеге жетеді. 
3.Шығармашылық ойын дамыту барысында: Ертегі,әңгіме,шығарма,эссе, өлең жазу,жаттауға беремін.Бұл тапсырмаларды әңгімелесу,ойын ойдан шығару,проблемалық сұхбаттасу,жұптық жұмыс арқылы тексеруге болады. 
Нәтиже, ертегілер,әңгімелер,шығармалар ,өлеңдер жинағы ретінде шығады.. [7] 
Үйге берілетін тапсырмаларды күнбе – күн тексеру жақсы нәтиже береді. Бұл әдісім арқылы меңгерілген білімнің сапасын бақылап, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді анықтап, келесі сабақтардың жоспарларына түзету енгіземін. Ең тиімдісі оқушылардың үй жұмыстары орындалған дәптерлерін тексеру. Оқу үлгірімі нашар оқушылардың дәптерлерін үнемі тексеріп, жақсы оқитын оқушылардың дәптерлерін кейде тексеруге болады. 
Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар: 
• Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс – тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет. 
• Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай болуы және өмірімен, олардың іс- тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн. 
• Үй тапсырмасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада болғаны пайдалы. 
• Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн. 
• Үйдегі оқу жымысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруіге байланысты. 
• Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн. 
• Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысыныда мұғалім, оның орындалу сапасына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн. 
• Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса онда ол оқушының ынтасын арттырып, үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді. 
• Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін – өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті болмақ. [2] 
Үй тапсырмалары мұғалімнің қатысынсыз орындалатын болғаннан кейін, олар ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болып, оларға оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарына көмектесіп отырулары үшін үнемі әдістемелік тұрғыдан басшылық жасап отырғаны жөн. 
Үй тапсырмасын беруде оқушыларға шамадан артып кетудің алдын алу жолдарына қойылатын талаптар мынадай болса: 
а) оқытылатын жаңа материалды оқушыларға негізінен сабақ үстінде меңгертуді міндет етіп қоя отырып, әрбір сабақтың сапасы арттырылса. 
ә) оқушыларға үйге берілетін тапсырмалар шамадан тыс көп болмасын, ол үшін үйге берілетін әрбір тапсырманың мөлшерленуі қатты қадағаланса, үйге берілетін тапсырманың мазмұны оны орындаудың тәртібі мен әдістері оқушыларға сабақ үстінде түсіндіріліп, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландырылып тәрбиеленсе демекпін. 
Қорытынды:

Өз ойымды Елбасының «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе ,балалардың алдында жауапкершілігімізді күшейтуіміз керек» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр.Ендеше ойлы ұрпақты бірігіп тәрбиелейік ,ұстаздар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет