1. "Дидактика" бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы



бет1/27
Дата01.05.2020
өлшемі42,94 Kb.
#65336
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
педагогика


1. "Дидактика" - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеті. Оның барысында оқушы дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады. Оқыту және білім алу.



Оқыту дегеніміз - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетанымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекет ұйымдастыруы және ынталандыру іс- әрекеті.  Оқытудың маңызды міндеттері:    

•  Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.

•  Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу- танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.

•  Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.

Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады.

Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны омірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет