1-билет
1)Ә. Маметова шешендік сөздерді неше топқа бөлген және оларды атап шығыңыз.
Ж:2 топқа бөлген. Шешендік дау және шешендік толғау.
2)Инвенция дегеніміз не?
Ж:Инвенция-болашақта жүзеге асатын коммуникацияның,берілетін ақпараттың ойда сұрыпталуы.
3)Ауызша сөздің жазба сөзден артықшылығы
Ж:Ауызша сөздің жазба сөзден артықшылығы-ауызекі сөз шешенге импровизация жасауға( суырып-салмалыққа ) кең жол ашады, сөзін түзеуге, үнемі тыңдаушымен байланысты болуға, оның көңіл-күйін бағып, мүддесін ескеруге мүмкіндік береді.
2-билет
1)Ауызша сөздің неше түрі болады және оларды ата
Ж:2 түрі болады.Олар:1)адамдардың күнделікті тұрмыста,бір-бірімен бетпе-бет(ауызба-ауыз) сөйлеу актісі(разговорная речь)2)Топ алдында сөйлейтіндері(публичная речь)
2)Шешендік тілдік қатынастағы ең өзекті мәселе
Ж:Шешендік тілдік қатынастағы ең өзекті мәселе-шешеннің айтқан сөзін тыңдаушылардың толық түсініп,соған оң баға беруі.
3)Профессор А.Қыдыршаев бойынша визуальды каналдарға не жатады:
Ж:Визуальды каналдарға шешен тұрысы,ым-ишараты,дене қимылы(жест),бет қимылы(мимика),көзқарасы.
3-билет
1)Педагогикалық риторика дегеніміз не?
Ж:Педагогикалық риторика-кез келген мамандықты меңгерген,дәріс беретін оқытушының,яғни мұғалімнің сөйлеу өнерін,үйрету тілін өз саласына сай қалыптастыруды көздейтін сала.
2)Педагогикалық риториканы «синкреттік пән» деп санаған ғалымдар:
Ж:А.А.Мурашев пен А.К.Михальская
3) Шешендік сөздің стильге қатысты талаптары қандай?
Ж:сөздің қысқалығы,толықтығы,тазалығы.
Достарыңызбен бөлісу: |