Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Еңбек қорғау пәнін оқытудағы негізгі мақсат қандай?.
2. «Еңбек қорғау» пәнінің заңдылық негіздерін атап көрсетіңіз?
3.«Еңбек қорғау» ілімінің дамуына ғалымдардың қосқан үлестері қандай?
4. Қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негізгі принциптері қандай?
1. Еңбек қорғау пәнін оқытудағы негізгі мақсат қандай?
1. «Еңбек қорғау» пәні арнаулы сабақ ретінде қоғам тану және мамандық алудың негізгі пәндерімен тығыз байланысты.
Еңбек қорғау пәнінің келешек мамандар үшін үлкен мәні бар. Өйткені, сіздер өз қол астында еңбек ететін қызметкерлер мен жұмысшылардың қауіпсіз еңбек етуі үшін жауап бересіздер. Бір нәрсеге жауап беру үшін оны өзің жақсы білуің керек.
Бұл пәннің негізгі мақсаты болашақ мамандарды еңбек заңымен өндіріс санитариясымен, қауіпсіздік техникасымен және өрт қауіпсіздігінің негіздерімен таныстыра отырып, өндіріс жағдайында төніп тұрған қауіп-қатерді көре білуге және оны болдырмаудың шараларын оқып үйретеді.
Бұл пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттер мынаны білулері керек: «Еңбек қорғау» туралы нормативті-правалық құжаттарды, қауіпті-қатерлі өндіріс факторларын және оның адам организміне әсері, оларды қалыпты мөлшерге келтіру әдістерін, еңбек қорғау жұмысын ұйымдастыру, еңбек етушілердің қауіпсіздігін қорғау әдістерін т.б.
2. «Еңбек қорғау» пәнінің заңдылық негіздерін атап көрсетіңіз?
Еңбек қорғау жөніндегі заңдастырылған актілер Қазақстан Республикасының еңбек құқығының ажырамас бөлігін құрайды, оның негізі 30.08.95 жылғы ҚР Конституциясының 24 бабы болып табылады.
1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен берілген тәсілдерді қолдана
отырып, жеке ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.
4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтыгына демалыс және мереке күндеріне жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.
3.«Еңбек қорғау» ілімінің дамуына ғалымдардың қосқан үлестері қандай?
Азамат өз еңбегін қорғауды тіпті ертеден-ақ қолға алған ойлаған, еңбектің қауіпсіздігін азайту әдістерін тапқан. Адамның еңбегі қауіпті болса, оның өмір сүру мүмкіндігі де азаяды. Ал адам болса өмір сүру үшін еңбек етеді, білімін жоғарлатады, жетілдіреді. «Еңбек қорғау» негізі И.М.Сеченовтің мына қағидасына сүйенеді: «Адам организмі мен оны қоршаған ортаның бірлігі. Адамның еңбегі мәнді де қауіпсіз болуы үшін өзі өмір сүретін ортаның тепе-теңдігін сақтауы шарт. Бұл қағида сақталмаса, бұзылса адамның өзіне, өміріне қауіп төнеді. Мысалы Арал теңізінің суының кейін қайтуы, Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуі, топырақтың улануы т.б.
Қазіргі кездегі «Еңбек қорғау» негіздері отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып дамиды, тереңдетіледі, жетілдіріледі.
Тіпті, 1742 жылдың өзінде М.В.Ломоносов тау-кен өнеркәсібіндегі еңбек қауіпсіздігіне көңіл аударып, желдеткіштер орнатуды және оның кейбір үлгісін ұсынды. Осы ғалым жай тартқыштың үлгісін жасады, оны есептеу жолдарын тапты.
Ғұлама ғалым-физолог И.М.Сеченов жұмыс уақытын белгілеудің гигеналық, физиологиялық негіздерін беріп, оны еңбек қорғаумен байланыстырып қарады.
М.Д.Зеленский химиялық заттардың адсорбция теориясын ашып, противогаз т.б. адамдарды улы газдардан қорғайтын құралдардың негізін салды.
Академик С.И.Вавилов люминесцентті жарық көзін ашты.
А.А.Сочинский-ауадағы зиянды газдардың мөлшерін айыратын аспапты ұсынды.
Е.О.Патон-электр тоғының күшімен дәнекерлеу әдісін ұсынды.
Гигиенист оқымыстылар қомақты үлес қосты, олар:В.В.Левицкий /1867-1936/ кәсіби аурулар және шаршаудың негіздерін түсіндірді. Эристман Ф.Ф /1842-1915/ өнеркәсіптегі еңбек жайын реттеудің гигеналық нормаларын берді. Қазіргі кезде еңбек қорғау заңдары толықтырылуда.
4. Қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негізгі принциптері қандай?
1. Бағдарлау- дегеніміз негізгі идеялар жиынтығы бола тұра қауіпсіз еңбектің басты бағыттарын айқындайды және методологиялық, хабарлау негізгі болады.Техникалық-физикалық ережелер мен заң-дарға сүйене отырып қауіпті факторларды жоюға негізделген. 1. Бағдарлау- дегеніміз негізгі идеялар жиынтығы бола тұра қауіпсіз еңбектің басты бағыттарын айқындайды және методологиялық, хабарлау негізгі болады.Техникалық-физикалық ережелер мен заң-дарға сүйене отырып қауіпті факторларды жоюға негізделген.
2.Басқару-жұмыстың жекелеген сатысында немесе кезеңінде еңбек қауіптілігін азайтуға негізделген.
3.Ұйымдастыру-еңбекті ұйымдастыруды ғылыми жолмен басқаруға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |