1. Еңбек қорғаудың нормативтік-құқықтық құжаттары


Электр тоғының зақымдаушы факторлары



бет3/3
Дата04.03.2020
өлшемі63,53 Kb.
#59595
1   2   3
Байланысты:
Охрана ответ


25. Электр тоғының зақымдаушы факторлары

1.Электр тоғының түріне байланысты, олар:=,≈

2.Электртоғының жиілігіне, Гц /f/ бізде айнымалы тоқ көзі /≈/ пайдаланылады да жиілігі 50 Гц, ал адам организміне қауіптісі 20 1000 Гц.

3.Электр тоғының күшіне байланысты, J, А,мА. Адам организміне әсер ететін ең кіші токтың мөлшері 0,5...1,5 мА, жібермейтін ток 10...15 мА, қауіпті ток 50 мА және одан жоғары.

4.Электр тоғының кернеулігі, И, В, біз пайдаланатын электр көздерінде 127, 220, 380В болады, бұлардың бәрі тірі организмдерге қауіпті, қауіпсізі 12, 24, 36В.

5.Тоқтың денеден өту уақытына байланысты Т, С, уақыттың мөлшері 1...30 с болуы мүмкін.

6.Адам денесінің кедергісіне байланысты R, Ом. Адам денесінің кедергісі 100000...500 Ом арсында болады.

Ескерту-тері диэлектрик, қан мен бұлшық еттер өткізгіш болып саналады.

7.Адамның электр тоғына жанасу түрінен, олар: бір фазалы, екі фазалы болуы мүмкін.

8.қоршаған ортаның жағдайына байланысты: олар құрғақ болуы, ылғалды болуы, ионданған болуы мүмкін.



26. Қауіпті аймақ туралы түсінік , машиналардың құрылысындағы

қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған құрылғылар.

Қауіпті (аса қауіпті) еңбек жағдайлары- белгілі бір өндіріс факторларынын әсер етуінен, енбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда, қызметкердің денсаулығының кенеттен қүрт нашарлауы немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына әкеп соғатың енбек жағдайлары.

27. Шу, дірілдің көрсеткіштері және олардың адам организіміне әсері.

Өндірістік шу-адамға зиянды әсер ететін, уақыт айын ретсіз өзгеріп отыратын жиілігі мен қарқыны әртүрлі дыбыстардың жиынтығы. Шу, ультрадыбыс және дірілдің табиғаты бір. Тек айырмашылықтары таралатын газды, сұйық және қатты денелер ортасындағы тербелістің берілуі. Дыбыс энергия көзі болып табылады, Дыбыс толқындарының тербеліс жиілігі герцпен өлшенеді (1Гц-секундына 1 тербеліс). Тербеліс жиілігі көп болса-дыбыста жоғары (қатты). Адам құлағы 16-дан-20 000 Гц аралығындағы дыбыс толқындарын қабылдай алады. 20 000 Гц-тен жоғары тербелістер- ультрадыбыс. 16 Гц-тен төмені-инфрадыбыс деп аталады. Ультрадыбыс және

инфрадыбысты адам құлағы қабылдамайды.

Туындау көзіне байланысты шу төмендегідей бөлінеді.

-Механикалық станоктар шуы, іштен жану қозғалтқыштарының шуы.

-Соққы түрі-темірді соққандағы, шегелегендегі.

-Аэродинамикалық-газдардың шығуы кезінде.

-Гидравликалық-сұйықтар қозғалысы кезінде.

Адам организміне физиологиялық әсеріне байланысты шулар тербеліс жиілігіне, тербеліс ендігіне карқындылығына және әсер ету уақытына байланысты жіктеледі.

Жиілігіне байланысты: Төмен жиіліктегі , Орташа жиіліктегі , Жоғарғы жиіліктегі.

Спектр ендігі бойынша: Тар ендіктегі шу, Кең ендіктегі шу.

Қарқынының өзгерісіне байланысты: Импульстік шу, Тұрақты шу.

Әсер ету уақытына байланысты: Қысқа уақыт әсер ететін шу, Ұзақ уақыт әсер ететін. Адам организміне зияны көп сулар-бұл жоғарғы жиіліктегі, тар ендіктегі, импульстік және ұзақ уақыт әсер ететін шулар.

Шудың адам организміне әсері. Көп уақыт әсер еткен шудың есту органдарына жүктеме түседі, еңбеккердің бейқамдығын арттырады, бұл дегеніміз ескерту белгілеріне жауап реакциясын төмендетіп, қатерге ұрыну мүмкіндігін арттырады. Шу нерв жүйесі, жүйке аурулары, жүрек қан-тамыр ауруларына әкеліп соғады, адамның ұйқысы қашып, еске сақтау қабілеті төмендейді. Өте жоғары дәрежедеп шудан адам саңырау болып қалады, бүкіл ағзасын ауруға әкелетін шусырқатына әкеліп соқтырады.



28. Жұмыс орындарын жарықтандыру әдістері.


Өндірістік жарықтандыру, талаптары және есептеудің тәсілдері. Жалпы айтқанда адам ақпаратты көзі арқылы 80-90% алады. Алған ақпараттың сапасы әсіресе жарықталуынан байланысты - жеткіліксіз жарықталу болған кезде тек көзі ғана шаршамай, ағзасы толығымен шаршайды. Қалыпсыз жарықталуда нашар жарықтандырылған қауіпті аумақтар, жарық көздерінен және олардың сәулелерінен зақымданулар пайда болады, олардың айқын көлеңкелері жұмысшылардың көруін нашарлатады да бағдарын толығымен жояды, еңбек өнімділігі төмендейді де өнімнің брактары көбейеді. Өндірістік кәсіпорындарды жарықтандыру табиғи, жасанды және аралас болуы мүмкін.
Табиғи жарықтандыру терезе (бүйірлік жарықталу), жарық шамдары (жоғарғы) арқылы немесе құрамды (терезе және шам арқылы бір уақытта) іске асырылады.


Жұмыс орындарын жарықтандыру келесі шарттарды қанағаттандыру керек: жұмыс беттерін жарықтандырудың деңгейі берілген жұмыстың түріне арналған гигиеналық нормаларға сәйкес болу керек; бөлмедегі жарықтың бірқалыптығы және тұрақтылығы қамтамасыз етілу керек; көріп қарайтын жерде жарық көздерінің және басқа заттар сәулелерінің шағылысуы болмау керек; өзінің спектралдық құрамы бойынша табиғи жарыққа жақын болу керек.
Жарықтандыру жүйесін есептеу жарық түрін таңдаудан, шамдалы түрі мен санын анықтаудан тұрады. Жарықтандыру жүйесін есептеудің ең қарапайым әдістері: нүктелік және меншікті қуатын қажетке жарату коэффициенті әдісі болып табылады.


29. Өрт қауіпіне байланысты технологияның және ғимараттардың дәрежеге

бөлінуі.

Ғимарат, құрылым және құрылыстың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің функционалдық сипаттамалары, сондай-ақ ғимарат, құрылым мен құрылыстың инженерлік жабдығы Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және белгіленген тәртіппен бекітілген, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес анықталады. 


Көп қабатты, көпшілік адамдар болатын ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстардағы, сондай-ақ балалар және қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдар тобы болатын ғимараттар мен құрылымдардағы жеке өрт қатері бірінші кезекте өрттің алдын алу жүйесімен және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілуге тиіс.

Ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың өртке қарсы қорғау жүйелері адамдарды қауіпсіз аймаққа қауіпті өрт факторларының шекті рұқсат етілген мәндері болғанға дейін эвакуациялау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

Ғимараттың құрастырылымдық шешімдерінде өрт және өртті сөндіру кезінде адамдарды құтқару үшін қажетті уақыт ішінде оларға жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін құралдар (басқыш шабақтары, өртке қарсы қабырғалар, өрт сөндіру лифтілері, сыртқы өрт сөндіру сатылары, апаттық люктер) қарастырылуы керек.

Ғимараттар мен құрылымдардың электр жабдығы олар орнатылған жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтардың жанғыш қоспаларының санаттары мен топтарына сәйкес болуға тиіс.

Ғимараттар мен құрылымдарда электрлік қабылдағыштарды қоректендіру: 

1) өртті байқау, өрт кезінде адамдарға хабарлау және эвакуациялауды

2) эвакуация жолдарында апаттық жарық түсіру;

3) апаттық желдету және түтінге қарсы қорғау жүйелері;

4) автоматты өрт сөндіру жүйелері; 

5) ішкі өртке қарсы су құбыры; 

6) өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдауға арналған лифтілер өрт кезінде адамдарды қауіпсіз аймаққа толық эвакуациялау және өртті сөндіру үшін қажетті уақыт көлемінде қамтамасыз етілуге тиіс.



30. Қауіпсіздікті сақтауға арналған құрылғылар түрлері, олардың қорғау принциптері

Еңбек қауіпсіздігін төмендететін құрал – жабдықтар болады :



  1. Қоршағыш құрылғы – адамның болмаса оның киімінің бөлшектерін машинаның қауіпті аймағына түсіп қалуына кедергі , қоршау ретінде жасалады . Олар үш түрге бөлінеді : тұрақты ,алмалы – салмалы , жылжымалы .

  2. Сақтандырғыш қорғау жабдықтары қауіпті факторларды қас қағым сәтте тоқтатады .

  3. Тосқауылшы құрылғылар адамның қауіпті аймаққа баруын болдыр-майды , не болмаса қауіпті факторлардың әсерін жоғалтады . Олар механикалық , электрлі ,фотоэлектрлі , гидравликалық , ауа қысымымен істейтін және құрама болып әр түрге бөлінеді .

  4. Б е л г і беруш і : а ) дыбыс арқылы , ә ) түрлі – түсті жарықтар арқылы , б ) қауіпсіздік белгілері .

  5. Қашықтықтан басқару ( алыстан басқару ) .

31. Жанудың түрлері, жануды тоқтату тәсілдері.

32. От сөндіргіш заттар түрлері және олардың өртсөндіргіш қасиеттері,

33. Қауіпсіздік техникасының негізгі талаптары . Қауіпсіздік белгілері.

34. Электр тоғы зақымынан қорғанудың ұйымдастырушылық және

техникалық тәсілдері

35. Өрт сөндіргіштердің түрлері, пайдалану мақсаттары, құрылысы

36. Шу мен дірілдің зиянды әсерін азайту әдістері.

37. Өрт сөндіруге арналған тұрғылықты қондырғылардың жіктелуі

38. Өрт сөндіру кезіндегі еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы шаралары.

39. Өндіріс орындарындағы өрттің негізгі себебтері, өрттің алдын алу

шаралары.

40. Жалпы өндірістік құрылғыларды қауіпсіз пайдалану ережелері

41. Өндірістік желдету түрлері және желдетуді есептеу әдістері.

42. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштардың құрылысы және есебі.

43. Өндірістік жарақаттар түрлері, зардаптары. Жарақаттанған адамға

алғашқы көмек көрсету әдістері.

44. Өндірістік санитария мен ғылыми-техникалық жетістіктер арасында-ғы

45. Қауіпсіздік бояулары, қауіпсіздік белгілері туралы түсініктер

46. Еңбек қорғауды мемлекеттік, көпшілік, ұжымдық бақылау түрлері

47. Машина, құрылғылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.

48. Технологияларға қойылатын қауіпсіздік талаптары.

49. Еңбек қауіпсіздігі заңын бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері

50. Микроклиматтың көрсеткіштерін өлшеуге арналған аспаптардың

құрылысы, жұмысы

51. Өндірістік жазатайым оқиғалардың жіктелуі.

52. Табиғи жарықтандыруды мөлшерлеу көрсеткіші және жарық шамасын

өлшейтін аспап құрылысы, жұмысы.

53. Өндірістегі өрттің алдын алу шаралары.

54. Жарықтың техникалық көрсеткіштері, жарықтың адам организміне әсері.

55. Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария ғылымдарының негізгі

мақсаттары мен міндеттері .

56. Өрт сөндіруге арналған тұрғылықты қондырғылардың пайдаланылу

мақсаттары және жіктелуі.

57. Электр қауіптілігіне байланысты технологиялар және нерылыстар-дың

дәрежеге бөлінуі

58. Еңбек қорғауға байланысты негізгі ұғымдар, анықтамалар.

59. Кәсіпорындағы еңбек қорғауды ұйымдастыру негіздері.

60. Өндірістік кәсіби ауыру туралы түсінік. Оған соқтыратын факторлар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет