1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы



бет27/52
Дата25.02.2023
өлшемі233,12 Kb.
#170130
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52
Байланысты:
1. ?äåáèåò òåîðèÿñû ?ûëûìûíû? ?ä³ñíàìàëû? ?à?èäàëàðû ?äåáèåò òåî

Өлең жүйесі

Белгілі əдебиет теоритегі, академик З.Қабдолов: «… өлең – еркін сөйленетін жай сөздер тіркесі емес, ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейін белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейңн белгілі тəртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі» деп тұжрымы жасайды, жəне бір тұста «… поэзия дейтініміз - өлеңді шығармалар» (Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 1982. 254-255 беттер) деген ой айтады.
1998 жылы жарық көрген «Əдебиеттану. Терминдер сөздігінде» «өлең» терминнің бірнеше мағыналық қолданысы көрсетілген. «Біріншісі - əн өлең, əн салып, əн шырқап айтатын - өлең, яғни музыкалық өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды. … Екіншісі – көбінесе жеңіл, ықшамды ғана əуенмен, мақаммен термелеп айтылатын өлеңдер, жырлар, яғни ауызша поэзияның туындысы. Үшіншісі – оқылатын, сөйлеп айтылатын өлең, яғни жазбапоэзияның туындысы, əр алуан лирикалық шығармалар. Сонымен қатар, өлең деген сөзді кең мағынада алып, көлемі қысқалау келетін поэзиялық шығармалардың бəріне ортақ жалпылама атау ретінде қолдану да жиі кездеседі».
Өлең жүйелері туралы түсінік Тармақ сөзбен, бунақпен, буынмен өлшенеді. Барлық тілдегі өлең тармағының негізгі өлшем бірлігі - буын. Буынның фонетикалық негізгі сипаттарына əуез, сан, екпін сияқты белгілері алынады да, соған орай өлең жүйелері метрикалық (кватитативті), силлабикалық, тоникалық, силлабо-
тоникалық болып сараланады. Енді осы өлең жүйелерінің ерекшеліктеріне назар салайық.
Метрикалық немесе квантитативті жүйе - өлең жолдарының айтылу уақытының сəйкестігіне (изохронизм) негізделіп, тармақтағы дыбыстық өлшемдер буындардың созылыңқы немесе қысқа қайырылуы арқылы реттелетін өлең құрылысы. Бұл жүйе буындағы дауыстылардың созылыңқы немесе қыса айтылуы сөз мағынасын өзгертуге ықпалды тілдерге тəн. Метрикалық өлең жүйесінің мейлінше жарқын үлгілері антикалық өлең құрылысынан, араб жəне парсы поэзиясындағы аруздан, санскрит тіліндегі джатидан, сондай-ақ, фин жəне классикалық қытай өлеңі құрылысынан жақсы байқалады.
Метрикалық өлең құрылысының негізіне алынатын өлшем – мора. Латын тілінде «уақыт аралығы, пауза» деген мағына беретін «мора» сөзі бұл жерде дыбысты айтуға кететін уақыттың ең кіші бірлігі болып табылады. Сондай-ақ, əдебиеттануда мора ұғымымен мəндес хронос протос деген де термин бар. Грек тілінде «chronos protos» бастапқы уақыт дегенді білдіреді. Екі терминнің де түп мағынасы антикалық өлең құрылысындағы қысқа буынның қалыптасқан айтылу ұзақтығын білдіреді, яғни өлеңдегі уақыт өлшемінің ең жүйесіндегі өзге өлшемдерге мора негіз болады. Мысалы, ұзақ буын – екі мораға, ямб – үш мораға, т.с.с. тең болады. Аталмыш өлең жүйесінің өзі таза метрикалық жəне силлабо-метрикалық болып, екі түрде бөлінетінін де ескеру керек. Таза метрикалық жүйеде негізгі өлшем такт болып табылады. Такт – моралар бірігуінен пайда болатын өлшем. Ал силлабо-метрикалық жүйеде такт құрамындағы буындардың позициясы ықпалды роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет