1. Ежелгі адамдар адамдардың мүсінін a тастан қашаған



бет6/36
Дата08.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#122284
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Vsemirnaya istoria 2007 kz

6 нұсқа



1. Солтүстік Испанияда бұдан 120 жыл бұрын ғалымдар ежелгі адамдардың суреттерін тапқан үңгір.
A) Тесік тас.
B) Кап үңгірі.
C) Альтамира.
D) Сигулда.
E) Кунгур.

2. Португал королі ІІ Жуанның бұйрығымен 1487 жылы Үндістанға аттанған экспедиция өздері жеткен жерді атаған:
A) «Қайырымды үміт» мүйісі.
B) Алтын жағалау.
C) Сахара.
D) Піл сүйегі жағалауы.
E) Еріксіздер жағалауы.

3. 1600 жылы шіркеу соты Джордано Бруноны:
A) Дарға асты.
B) Кешірім жасады.
C) Жер аударды.
D) Отқа өртеді.
E) Ақтады.

4. 1941 ж. 5 желтоқсан – 1942 ж. 10 қаңтарда неміс-фашист әскерлерін алғаш талқандаған шайқас:
A) Курск шайқасы
B) Москва шайқасы
C) Сталинград шайқасы
D) Ленинград қорғанысы
E) Севастополь қорғанысы

5. Ауғанстаннан Кеңес әскері шығарылды:
A) Ю.Андропов тұсында
B) В.Путин тұсында
C) Б.Ельцин тұсында
D) Н.Хрущев тұсында
E) М.С.Горбачев тұсында

6. Ең биік Хеопс пирамидасы салынды:
A) Б.э.д. 3000 жылы.
B) Б.э.д. 1750 жылы.
C) Б.э.д. 2600 жылы.
D) Б.э.д. 1500 жылы.
E) Б.э.д. 2700 жылы.

7. Конфуций ол:
A) Қытайды біріктірген Цинь патшалығының билеушісі.
B) Ұлы Қытай қорғанын салдырған билеуші.
C) Буддизм дінін негіздеуші.
D) Қытайдың ұлы ойшылы.
E) Өз қол астына үнді патшалығын біріктірген билеуші.

8. Парсыларға ќарсы Афинаға көмекке әскер жіберген жалғыз ќаланың аты:
A) Марафон
B) Платеи
C) Коринф
D) Спарта
E) Милет

9. Пуни соғыстарында Риммен соғысқан ел:
A) Греция.
B) Египет.
C) Испания.
D) Македония.
E) Карфаген.

10. Кириллге грек тіліндегі шіркеу кітаптарын славян тіліне аударуға жәрдемдескен ағартушы монах:
A) Иван
B) Анатолий
C) Геннадий
D) Михаил
E) Мефодий

11. Константинополь қаласына түріктердің берген атауы:
A) Анкара
B) Стамбул
C) Синоп
D) Измирь
E) Анатолий

12. XVI ғ. бірінші жартысында Ресейдегі басқару органдары:
A) Коллегиялар
B) Земство соборы
C) Приказдар
D) Сенат
E) Боярлар кеңесі

13. Үндістанда «Күш қолданбай қарсыласу» науқандарын үйымдастырушы:
A) М.Ганди
B) Д.Неру
C) Д.Синх
D) Р.Капур
E) Б.Тилак

14. ГФР-дегі Федералдық Парламент аталады:
A) Конгресс.
B) Сенат.
C) Кнессет.
D) Сейм.
E) Бундестаг.

15. Замандастарын өзінің сүйкімді мадонналарды бейнелеуімен баурап алған қайта өрлеу дәуіріндегі ең тамаша суретші.
A) Микеланджело Буонаротти
B) Диего Веласкес
C) Сандро Боттичелли
D) Рафаэль де Санти
E) Рубенс

16. Солтүстік Америкада алғашқы ағылшын қонысы пайда болды:
A) 1775 жылы
B) 1782 жылы
C) 1781 жылы
D) 1607 жылы
E) 1776 жылы

17. XIX ғасырдың ортасына дейін құлиеленушілік пен нәсілшілдік үстем болған АҚШ-ң өлкесі:
A) Оңтүстік.
B) Батыс.
C) Орталық.
D) Солтүстік.
E) Солтүстік-Шығыс.

18. Пангермандық саясатта қарастырылған мәселе:
A) Басқа елдермен ынтымақтастық.
B) Халықаралық сауданы дамыту.
C) Бүкіл әлемде немістердің билігін орнату.
D) Мәдениеттің дамуы.
E) Білімді қаржыландыру.

19. Электромагнитті өріс теориясын ұсынған физик:
A) Герц.
B) Беккерель.
C) Максвелл.
D) Кюри.
E) Рентген.

20. 1914 ж. Екінші интернационалдың күйреу себебі:
A) Өздерінің соғысып жатқан үкіметін Еуропалық социалистердің қолдауы.
B) Соғыстың бас кезіндегі саяси байланыстардың үзілуі.
C) Социалистерді қуғындау.
D) Соғыс жағдайында халықаралық конгресті өткізудің мүмкін еместігі.
E) Француз және Германия социал-демократтары басшыларының арасындағы келіспеушілік.

21. КПСС XX съезінде қаралған мәселе:
A) КПСС үшінші бағдарламасын қабылдау.
B) IV бесжылдық жоспарын қабылдау.
C) КПСС ОК Президиумы мүшелігінен Г. Маленков, В. Молотов,
Л. Кагановичті шығару.
D) Н.С. Хрущевтің “құпия баяндамасындағы” И.В. Сталиннің жеке басқа табынушылығын талқылау.
E) Н.С. Хрущевті өкімет билігінен босату.

22. 1968 жылы Чехословакияға әскери күштерін кіргізген елдер:
A) ГДР, КСРО, Венгрия.
B) Албания, КХР, Болгария.
C) КСРО, ГДР, Югославия.
D) ГДР, ГФР, АҚШ.
E) КСРО, ГДР, Албания.

23. Жапонияда аграрлық реформа туралы заң қабылданған жыл:
A) 1950 ж.
B) 1960 ж.
C) 1952 ж.
D) 1946 ж.
E) 1945 ж.

24. Ғылыми фантастика жанрындағы атақты ағылшын жазушысы:
A) Т.Манн.
B) Т.Драйзер.
C) Дж.Лондон.
D) А.Франс.
E) Г.Уэллс.

25. Жүзжылдық соғыс деп аталған үздік-созық соғыс болған жылдар:
A) 1400-1553жж.
B) 1337-1453жж.
C) 1300-1400жж.
D) 1333-1444жж.
E) 1317-1454жж.

26. Чуваш пен Башқұрттар Ресей құрамына енді:
A) XVIғ.
B) XIVғ. аяғында
C) XVғ.
D) XIVғ.
E) XVIIғ. аяғында

27. 1762 жылы II Екатерина үкіметі жариялаған манифест:
A) Шығыс Грузияның Ресей протекторатына өтуі жөніндегі.
B) «Шаруаларға иесіне шағым жасауға тиым салу туралы».
C) «Барлық Ресей дворяндарына еркіндік пен бостандық беру туралы».
D) Қырымның Ресейге қосылғандығы жөнінде.
E) Орыс-түрік соғысының басталуы туралы.

28. Мозамбикті отарына айналдырған ел:
A) Испания
B) Дания
C) Франция
D) Англия
E) Португалия

29. XIX ғ. соңында АҚШ-та конвейерлік жүйені алғаш қолданған кәсіпорын:
A) Рокфеллердің кәсіпорны.
B) Фордтың кәсіпорны.
C) Максимнің кәсіпорны.
D) Райттың кәсіпорны.
E) Морганның кәсіпорны.

30. ’’Қырғи қабақ’’ соғыс жылдарында КСРО мен оның одақтастары қарсы болған Олимпиада:
A) Олимпиада-68.
B) Олимпиада-84.
C) Олимпиада-72.
D) Олимпиада-64.
E) Олимпиада-88.










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет