1. Солтүстік Испаниядағы ежелгі адамдар мекендеген Альтамира үңгірін тапқан археолог:
A) Геродот.
B) Саутуола.
C) Рыбаков.
D) Аристотель.
E) Ганнибал.
|
2. Олимпия ойындары кезінде Грецияда:
A) Құлдар босатылды.
B) Халыққа азық-түлік берді.
C) Құрбандық шалды.
D) Соғыс тоқтатылды.
E) Сауда ісі тоқтатылды.
|
3. Н.Коперник пен Д.Бруно ілімдерін дамытқан ғалым:
A) Әл Фараби.
B) Ибн Сина.
C) Ч.Дарвин.
D) М.Ломоносов.
E) Г.Галилей.
|
4. 1941 жылы 8 тамызда соғыс жағдайына байланысты Жоғары бас қолбасшы болып тағайындалды:
A) К.Е.Ворошилов.
B) С.М.Буденный.
C) И.В.Сталин.
D) Б.М.Шапошников.
E) С.К.Тимошенко.
|
5. КСРО-да көппартиялық жүйенің қалыптасуы:
A) 1983 жылдан басталды
B) 1988 жылдан басталды
C) 1980 жылдан басталды
D) 1982 жылдан басталды
E) 1981 жылдан басталды
|
6. Ежелгі Египеттегі абыздар:
A) Перғауынның баласы.
B) Құдай қызметшілері.
C) Әскербасы.
D) «Мемлекет басшылар».
E) Император.
|
7. Жонглерлер олар:
A) Кезбе артистер.
B) Сатириктер.
C) Ақындар.
D) Әулиелер.
E) Әншілер.
|
8. “Үндістан інжу-маржаны ” аталған, дүние жүзіне әйгілі сәулет өнерінің туындысы:
A) Бомбей храмы.
B) Кутб -Минар мұнарасы.
C) Ориссадағы храм.
D) Аджантадағы храм.
E) Тәж- Махал.
|
9. XVғ. басында Литваның Тевтон ордені басып алған бөлігіндегі қозғалыс:
A) Феодалдық қозғалыс
B) Көпестер қозғалысы
C) Князьдар қозғалысы
D) Шаруалар қозғалысы
E) Халық-азаттық қозғалысы
|
10. Франциядағы абсолюттік монархия құлаған жыл:
A) 1789.
B) 1793.
C) 1791.
D) 1774.
E) 1784.
|
11. К.Маркс пен Ф.Энгельстің 1848 ж. жарияланған «Коммунистік партия манифесінің» негізгі бағдарламалық міндеті:
A) Жалпыхалықтық имандылық-құқықтық нормаларды жариялау.
B) Буржуазиялық партияларды сынау.
C) Тарихта жеке меншікті таптық қайшылықтың түпкі негізі ретінде жою.
D) Кәсіподақ бірлестіктерін құру.
E) Жұмысшы табын саяси сауаттандыру.
|
12. ’’Өлі жандар’’ романының авторы:
A) Некрасов.
B) Толстой.
C) Фонвизин.
D) Грибоедов.
E) Гоголь.
|
13. 1907 ж. Ресей Англиямен қай елге ықпал етуді бөлісті?
A) Африкаға.
B) Египетке.
C) Иракқа.
D) Үндістанға.
E) Ауғанстанға.
|
14. 1918-1923 ж.ж. Түркиядағы ұлттық антиимпериалистік революцияның жетекшісі:
A) М.Кемаль.
B) С.Батор.
C) А.Насер.
D) М.Ганди.
E) Роулетт.
|
15. Римде христиан дінін қабылдау туралы қаулыны шығарған император
A) Марк Аврелий.
B) Октавиан Август.
C) Траян.
D) Константин.
E) Нерон.
|
16. Крест жорықтарын ұйымдастырушы.
A) Англия королі.
B) Франция королі.
C) Православиялық шіркеу.
D) Испания королі.
E) Католиктік шіркеуі.
|
17. Орта ғасырдағы Түрік мемлекетіндегі цехтік бірлестіктің басшысы:
A) Шериф.
B) Гедик.
C) Шейх.
D) Шах.
E) Мубтади.
|
18. ХІХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің қарсыластары болған мемлекеттер:
A) Пруссия, Англия, Германия.
B) Швеция, Франция, Англия.
C) Франция, Түркия, Иран.
D) Австрия, Сербия, Пруссия.
E) Иран, Хорезм, Закавказье.
|
19. Бір мемлекеттің екінші мемлекеттің жерін күштеп өзіне қосып алуы:
A) Аннексия.
B) Экспансия.
C) Экспроприация.
D) Агрессия.
E) Контрибуция.
|
20. КСРО карточка жүйесінің жойылуы:
A) 1945 ж.
B) 1949 ж.
C) 1946 ж.
D) 1947 ж.
E) 1948 ж.
|
21. 1945-53 ж.ж. Италияда үкімет басында болған партия:
A) Италия Социалистік партиясы.
B) Жұмысшы партиясы.
C) Италиан әлеуметтік қозғалысы.
D) Христиан демократиялық партиясы.
E) Италия Коммунистік партиясы.
|
22. ГДР құрылған жыл:
A) 1949 ж. 8 мамыр.
B) 1949 ж. 7 қазан.
C) 1948 ж. 20 маусым.
D) 1949 ж. 4 сәуір.
E) 1949 ж. 25 қаңтар.
|
23. 1950 ж.Үндістан үкіметінің алғашқы маңызды реформасы:
A) Ауыр өнеркәсіпті дамыту.
B) Аграрлық мәселені шешу.
C) Медициналық сақтандыруды енгізу.
D) Білім беру мәселесін шешу.
E) Армияны қайта қаруландыру.
|
24. 1905 жылы ұзындығы 20 км. болатын Симплон тоннелі жүргізілді:
A) Гималайда.
B) Альпіде.
C) Андыда.
D) Балканда.
E) Кордильерде.
|
25. Урартудағы әсемділігімен, құдыреттілігімен көз тартатын құрлыстар:
A) Тастан қаланды.
B) Қоладан қаланды.
C) Батпақтан қаланды.
D) Кірпіштен қаланды.
E) Ағаштан соғылды.
|
26. XІ Людовиктің Батыл Карлды жеңген жылы:
A) 1500ж.
B) 1407ж.
C) 1477ж.
D) 1470ж.
E) 1400ж.
|
27. XVIғ. II жартысында Сібір хандығын екі жақты қыспаққа алды:
A) Ресей, Қазақ хандығы
B) Ресей, Қытай
C) Казань, Қазақ хандығы
D) Ресей, Қырым хандығы
E) Қырым, Қазақ хандығы
|
28. II Екатерина саясатының мақсаты:
A) Сауданы дамыту
B) Шаруалар жағдайын жақсарту
C) Дворяндар үстемдігін күшейту
D) Дворяндар үстемдігін жою
E) Еуропада үстемдікті орнату
|
29. 1870 жылы 4 қыркүйектегі Франциядағы революцияның нәтижесін көрсетіңіз:
A) Пролетарлық күштер билікке келді.
B) Екінші империя билігі күшейді.
C) Елде социалистік революция болды.
D) Франция республика болып жарияланды.
E) Пруссиямен бейбіт келісімшарт орнатылды.
|
30. Ірі державалар Мәскеуде жанталаса қарулануды шектеу жөніндегі алғашқы келісімге қол қойылған жыл:
A) 1973 ж.
B) 1963 ж.
C) 1960 ж.
D) 1970 ж.
E) 1955 ж.
|
|