53. Төтенше жағдайдағы құқықтық режимді түсіндіріңіз
Төтенше жағдайдағы құқықтық режим. Төтенше жағдай режимдері - бұл арнайы құқықтық режимнің тұрғындардың өмірлік əрекетін, шаруашылық əрекеттің жүзеге асуын жəне төтенше жағдай қайдан шықса, соған сəйкес территорияда билік органдарын функциялау. Оның мазмұны жағдайды реттеу үшін шаралар ұйымдастырылады, субъектілердің құқықтық мəртебесі осы территорияда, атқарушы билік орган жүйесі өзгереді.
Заң шығарушы орган төтенше жағдай режимнің 3 негізгі түрін бекітеді:
1) «ерекше»;
2) төтенше;
3) əскери жағдай режимдері.
Төтенше жағдай əлеуметтік мəселелерді қоғамдық шешуді қиынға соқтырады, сондықтан мемлекет қоғамдық қатынастарға қатаң заңдық-ұйымдық ықпал орнатуын міндеттейді, осы жағдайды тоқтатуға құқықтық құралдарды өзгерту жəне қоғамды жақсы өмір сүруге əкелу.
«Төтенше жағдай шартында құқықтық шектеу режимін жүзеге асырудағы ең негізгі жүкті басқару органының ұйымдық- өкімдік қызметі артады. Іс жүзіне асыру процесінде белгілі бір құқық пен бостандық тəртібін реттеу, соның нəтижесінде көбісі азаматтық өзіндік əрекеттерді жүзеге асыра алмайды». Азаматтардың құқығы мен бостандығын шектеу басқару органының өкілеттілігін өсіру арқылы жүзеге асырылады. Əкімшілік əрекет қабілеттілігін шектеу мақсатындағы басқару органның əрекеті екі нысанда түсіндіріледі: бірінші нысанда мемлекеттік басқару органының белсенді əрекеті əкімшілік мəжбүрлеуді қолдану, əкімшілік-ескерту шараларын қооданудағы азаматтардың кейбір құқық жəне бостандық негізін жүзеге асыру арқылы тартылады. Мысалы, төтенше жағдай орналасқан аумақ бойынша бостандығын шектеу, «басқару органдары азаматтардың өзінің құқығы мен бостандығын заңды түрде іс жүзіне асыруды тоқтатады.
54. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын корғау режимін түсіндіріңіз
Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын корғау режимі.1993 жылғы 13 қаңтардағы заңның 2-бабында, мемлекеттік шекара - аумақ (территория,құрлық, су, табиғи байлық, ауа кеңістігі) шегін анықтайтын сызық, республика егемендігінің ең басты көрсеткіштерінің бірі болып саналады.
Келісім белгісі жалпы бағытта жəне мемлекеттік шекара жағдайында жəне оның картада көрсетілуі делиматация деп,ал мемлекеттік шекараның жергілікті жерлерде бағандар арқылы белгіленуі демаркация деп аталады. Шекара сызығы анық шекаралық белгілермен аңықталады.
Қазақстан Республикасы шекара қатынасында саяси кешен, əскери, экономика, экология, санитарлық, техникалық шараларды жүзеге асыру «мемлекеттік шекараны қорғау» ұғымына кіреді.
Саяси қорғаныс - жеке жəне заңды тұлғаға қатысты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы» туралы заңға сəйкес жəне шекараның құқықтық қатынастарын айқындайтын халықаралық келісімдер арқылы жүзеге асырылады.
Əскери қорғаныс - Қазақстан Республикасының, территориясын əр түрлі қарулы топтардан, басқыншылардан, мемлекеттік шекараны заңды түрде анықтап бекіткеннен кейін күштеп өзгертуден қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |