51. Прокуратура органдарының қадағалау өкілеттігін түсіндіріңіз Қазақстан Республикасының Прокуратурасы— Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Прокурорлық қадағалау актілері - белгілі фактілерге (заң бұзушылық) байланысты өзге органдарға және лауазымды адамдарға арналған жеке актілер. Прокурорлық қадағалау актісі басқа органның, лауазымды адамның белгіленген заң түрінде ол арқылы реттелуін: оны қарауға, тиісті шаралар қолдануға және оны ентізген прокурорға хабарлауды міндеттейді. Прокурорлық қадағалау актілерін дұрыс жасау, заңда бекітілтен прокурорлардың өкілеттіліктерін және олардың нетізті талаптарын дел әрі толық көрсету - заңдардың орындалуына қадағалаудың әрекет етуінің бөлінбес шарттары.
52. Ерекше және әскери жағдай режимдерін түсіндіріңіз «Ерекше» жəне əскери жағдай режимдері. «Ерекше жағдай» бұл жинақталған түсінік, өзіне əр түрлі режимдерді кіргізген «аймақтық апат» жағдайын экстремалді түрде түсіндіреді. Төтенше жағдайда аса қажетті шара қолданады. Ерекше жағдайдағы құқықтық режим төтенше жағдайдағы құқықтық режимнен 3 түрлі айырмашылық арқылы ерекшеленеді: əр түрлі фактілік жəне заңдылық негіздермен режимдердің орнатылуы. Төтенше мəн-жайлар ерекше режимін жүргізу потенциалды зорлықпен немесе тұрғындардың аурулықпен түскен түрімен айқындалады. Бұндай түрі 1994 жылғы 8- маусымдағы «тұрғындардың санитарлық-эпидемиоло-гиялық күйі» туралы Қазақстан Республикасы заңының 35-бабында жəне 1994 жылғы 31-мамырда Қазақстан
Республикасы Министрлер Кеңесінің бекіткен «Қазақстан Республикасындағы карантиндік қызмет туралы» қаулысы бойынша асқынған ауру түрін елді мекен,аудан, облыста жергілікті атқарушы орган денсаулық сақтау органының бастауымен шаруашылық іс-əрекетте жəне тұрғындардың өміріне қауіпті екенін ескеріп, карантин жарияланғанын ескертеді.
Егер төтенше жағдай Қазақстан Республикасы Президент Жарлығымен енгізілсе, ал ерекше жағдай Үкімет немесе əкімдермен хабарлана да алады.
1) құқықтық режимнің ерекше жағдайы кішігірім көлеммен, қатаң түрде азаматтардың құқығын шектеу жəне ұйыммен ерекшеленеді. Карантин болған жағдайда адамдар қозғалысы жəне транспорт құралдары тоқтатылады; міндетті түрде жүктерде, тауарларда санитарлық өңдеу жүргізіледі, ауруларды жəне оларға жұққандарды бөлек ұстайды.
2) ерекше жағдай құқықтық режимі мемлекеттік басқару, өзіндік жəне ұйымды басқару органдарының мəнді өзгермеуімен ерекшеленеді. Экстремалді кезеңдегі ерекше жағдайда мемлекеттік орган біліктілігі ерекше роль атқарады.
1993 жылғы 9 сəуірдегі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жəне қорғаныс» туралы заңына байланысты əскери жағдай соғыстың болуына сəйкес болады. Əскери шабуыл Қазақстан Республикасы Парламенті сессия аралығында болуы мүмкін, ол заң шығарушы орган əрекетінің тəртібіне жəне мемлекеттің басшысы соғыстың болатынын жəне əскери жағдайды заңды түрде дайындайды, көптеген ұйымдық -сұрақтарды шешеді