45. Мемлекеттік басқару саласындағы бақылау ұғымы мен түрлерін анықтаңыз Мемлекеттік бақылау – тексерілетін субъектілер қызметінің ҚР заңнамасында (ҚР Кәсіпкерлік кодексі) белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау және қадағалау органының тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқықтық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
Бақылау iшкi және сыртқы болып бөлiнедi. Iшкi бақылауды жүргiзу тәртiбi "Әкімшілік рәсімдер туралы" ҚР Заңында айқындалады.
Сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбi ҚР Кәспкерлiк кодекстің 13 т. 137 б. және 2-параграфында айқындалады.
Сыртқы бақылау нәтижелерi бойынша ҚР заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк, тәртiптiк iс жүргiзудi қозғайды не өз құзыретi шегiнде тиiстi талап қою арыздарына бастамашылық жасайды және (немесе) ҚР заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.
Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары мен міндеттері 1) заңдылық;
2) бәрінің заң және сот алдындағы теңдігі;
3) жеке немесе заңды тұлғаның адалдық презумпциясы;
4) жариялылық;
5) бақылаудың және қадағалаудың жоспарлылығы мен жүйе¬лі¬лі¬гі;
6) мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының кәсіптік біліктілігі мен құзыреттілігі;
7) бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және олардың өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жауаптылығы;
8) жазалау алдында құқық бұзушылықтың алдын алудың ба¬сым¬дығы;
9) қажеттілік пен жеткіліктілік;
10) мемлекеттік органдар арасындағы бақылау өкілеттіктерінің аражігін ажырату;
11) адал тексерілетін субъектілерді көтермелеу, құқық бұзу¬шы¬ларға бақылау мен қадағалауды шоғырландыру;
12) тексерілетін субъектілер мен тұтынушылардың өз заңды құқықтарын дербес қорғауға қабілеттілігін арттыру;
13) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығы;
14) тәуелсіздік;
15) объективтілік және турашылдық;
16) дәйектілік қағидаттарына негізделеді.